Жазғы семестр
Жазғы семестр ақылы түрде ұйымдастырылады:
- қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін,,
- академиялық борыштарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою,
- оқу пәндерін оқыту және басқа білім беру ұйымдарында білім алушыларға кредиттерді міндетті түрде қайта есепке ала отырып игеру,
- пререквизиттерді уақтылы зерделеу есебінен жеке жоспарға түзетулер енгізу,
- үлгерімнің орташа балын арттыру (GPA),
- қосымша білім беру бағдарламасын, оның ішінде ақылы негізде қосдипломды білім беру шеңберінде меңгеру.
Оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, білім алушы оқу пәніне /модульге қайта жазылады, силлабусқа сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды тапсырады.
2021-2022 оқу жылында жазғы семестр жазғы демалыс кезеңінде білім алушылар үшін 2022 жылдың 23 мамырдан 2022 жылдың 12 тамызына дейін ұйымдастырылады.
Жазғы семестр бітіруші курс студенттері үшін ұйымдастырылмайды.
Жазғы семестр шеңберінде білім алушы аптасына 2 кредиттен артық емес білім алуға құқылы.
Университетте бекітілген 1 кредит үшін төлем құнына сәйкес, білім алушы ректордың атына пәннің атауын және кредит санын көрсете отырып өтініш береді, қосымша білім беру қызметтерін көрсету шартын ресімдейді және оқу ақысын төлейді.
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
e-univer.korkyt.edu.kz
Емтихан сессиясының Call center
+7-7242-558877
Жедел желі
+ 7242 27-28-49
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...