Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Приемная комиссия +7242 23-53-92

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми зерттеу қызметі мемлекеттің стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2050» бағдарламасы, «Білім туралы», «Ғылым туралы» ҚР Заңдары, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы, «Қуатты өңірлер ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы, университеттің 2021-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Университеттің ғылыми зерттеу жұмысының негізгі бағыттары төмендегідей:
- Сыр өңірі әдебиеті мен журналистикасы және ономастикасын  зерттеу;
-  Тілдің әлеуметтік, когнитивтік және этнолингвистикалық мәселелері мен көркем-публицистикалық жанрларды зерттеу;
-  Әлеуметтік лингвистика, мәдениетаралық қарым-қатынас, аударманың теориясы мен практикасы мәселелері және шеттілдік білім берудің әдістемесін зерттеу;
-  Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында орыс тілі мен әдебиетін оқыту және когнитивті лингвистиканың өзекті мәселелерін зерттеу;
-  Ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдістерін зерттеу;
-  Тұлға дамуының педагогикалық-психологиялық аспектілерін зерттеу;
-  Мектепке дейінгі  және жаңартылған білім мазмұны негізінде бастауышта оқыту мен тәрбилеудің өзекті мәселелерін зерттеу;
-  Өлке тарихы және Сыр өңіріндегі этносаралық қатынастар тарихын зерттеу;
- Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы: мәселелері мен мүмкіндіктері;
- Экономика салаларының тұрақты дамуының өзекті мәселелерін зерттеу;
- Баға белгілеудің қаржылық факторларын, қаржылық сауықтыру  мәселелерін,салық жүйесінің аймақтық ерекшеліктерін зерттеу;           
- Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына көшу және экономиканы цифрландыру жағдайында есептілік пен аудит мәселелерін зерттеу;
- Адам құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қаматамасыз ету мәселелері;
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы жалпы құндылықтар;
- Мәдениет пен өнердің дамуының, студенттердің эстетикалық-көркемдік талғамын жетілдіруге, адамгершіліктік-құндылықтық тәрбиесіне, оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту бағытындағы зерттеулер;
- Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнерінің тарихы мен даму бағыттарын зерттеу;
- Кәсіби білім беру мазмұнын жетілдіру мәселелері және Сыр бойыңдағы бейнелеу өнерінің дамуын зерттеу;
- Қызылорда облысының жағдайында жаңғыртпалы энергия көздерін пайдалану перспективаларын зерделеу;
- Қазақстандық Арал өңірінде  аграрлық сала өндірісін дамытудың және ауылшаруашылық жұмыстарын механикаландырудың өзекті мәселелері;
- Арал өңіріндегі суармалы егіншілік алаптарының экологиялық, мелиоративтік жағдайларын тұрақтандыру, су үнемдеу және ауыл шаруашылық     айналымынан тыс қалған жерлерді іске қосу  мәселелері;
- Қызылорда облысының климаттық-географиялық ерекшеліктеріне сәйкес құрылыс конструкцияларын есептеу және жобалау;
- Жергілікті техногендік және табиғи шикізаттар негізінде құрылыс материалдарының қор-энергия үнемдеуші технологияларын жасау;
- Мұнай-газ өндірісін дамытудың өзекті мәселелерін зерттеу;
- Су және топырақ тазартудың жаңа технологиялық аспектілерін зерттеу;
- Өндіріс  қалдықтарын бағалы өнімдерге өңдеу технологияларын жасау;
- Аспан механикасы және космостық динамиканың фотогравитациялық есептерінің математикалық және компьютерлік модельдерін зерттеу;
- Білім беру саласында жаңа технологияларды пайдалану мәселелерін зерттеу;
- Температураның әсерін ескере отырып, тұтқыр серпімді ортадағы толқындық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу
- Орта мектепте және ЖОО-да оқу процесінде физика мен математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі;
- Білім алушылардың дене қасиеттері мен функциональды қалпын дене жаттығулары арқылы жетілдіру  және әскери-патриоттық тәрбие бағытындағы   зерттеулер;
- Арал өңірі экожүйесінің антропогендік өзгерісін және өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігін зерттеу
- Орта және жоғары оқу орындарында биология, география және химия пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін зерделеу;
- Сандық Қазақстан бағдарламасы аясындағы зерттеулер, блокчейн технологиялары, білім берудегі смарт-технологиялар және ақпараттандыру   мәселелерін зерттеу;
- Физика және математика пәндерін оқытудың аспектілерін зерттеу;
- Дене шынықтыру сабағын өткізу әдістемесін және қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәнін зерделеу;
- Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт Ата мұрасын зерделеу.  Сыр сүлейлерінің әдеби мұрасын зерттеу. Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сананың   қалыптасу мәселелері;
- Табиғи және техногендік шикізатты қайта өңдеу технологиясы саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- Арал маңындағы ерте ортағасырлардағы тарихи қоныстарға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу және тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми  зерттеу
- Кешенді археологиялық зерттеулер барысында алынған мәліметтер негізінде ежелгі қалалық мәдениет пен көшпелі әлемнің өзара әрекеттесу   мәселелеріне қатысты тың деректерді ғылыми айналымға енгізу;
- Мұстафа Шоқай және Алаш қайраткерлерінің мұраларын зерттеу, насихаттау және ғылыми айналымға  ендіру;
- Мелиорация және ауыл шаруашылығы, биология және топырақтану салаларындағы ғылыми-қолданбалы зерттеулер;
- Бәсекеге қабілетті үш деңгейде педагогикалық кадрларды даярлауға ықпал ету мақсатында химия-биологиялық зерттеулер жүргізу.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...