Әлеуметтік қолдау
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Әлеуметтік қолдау

Университет басшылығы әртүрлі әлеуметтік санаттағы студенттердің жағдайына ерекше көңіл бөледі. Университеттің барлық факультеттерінде жүйелі түрде көп балалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, жетім студенттер және мүмкіндігі шектеулі студенттер саны туралы мәліметтер жинақталады.

Университетте Студенттерді әлеуметтік қорғаудың басым бағыттары:
- Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, сондай-ақ мүгедектер мен жетімдер қатарындағы студенттерге көмек және қолдау көрсету.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар cтуденттер үшін тең жағдай жасау және кедергісіз қол жеткізу.
- Студенттік жатақханалардан орын алуға басым құқық алу.
- Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, әлеуметтік және медициналық көмек көрсету, барлық әлеуметтік осал топтарға волонтерлік көмек көрсету.

100% ЖЕҢІЛДІК:

- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының түлектеріне;

- ҰБТ-ның пәндері бойынша олимпиада жеңімпаздарына;

- Облыстық Қызылорда телеарнасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Интеллектуалды ұлт» телевизиялық конкурсының жеңімпаздарына.

50% ЖЕҢІЛДІК:

- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлыққа алынған студенттерге;

- I және II топ мүгедек студенттерге;

- «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлеріне 1 курста, келесі курстарда (2,3,4) оқу үлгерімі «өте жақсы» болған жағдайда ұзартылады;

- Облыстық Қызылорда телеарнасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Интеллектуалды ұлт» телевизиялық конкурсының жүлделі орындарына;

- Әлем және Азия чемпиондары (1-ші оқу жылына).

25% ЖЕҢІЛДІК:

- Шетелдік қазақ диаспора өкілдері мен шекаралас шетел мемлекеттерінің ұлты қазақ азаматтарына;

- ҰБТ нәтижесінде кем дегенде 100 балл жинаған түлектерге (1-ші оқу жылына);

- Спорт саласындағы Халықаралық деңгейдегі чемпиондарға (1 орын);

- Университет кызметкерлеріне (еңбек өтіліне қарамастан) және олардың балаларына (университеттегі еңбек өтілімі 3 жыл болуы тиіс) – 25%, (егер бір отбасында ақылы негізде бірнеше студент оқыса, жеңілдік әрқайсысына беріледі);

- Ата-анасының екеуі де (немесе жалғыз ата-анасы) мүгедек студенттерге;

- Көпбалалы отбасынан шыққан (балалары 23 жастан аспаған жағдайда) студенттерге, (егер бір отбасында ақылы негізде бірнеше студент оқыса, жеңілдік әрқайсысына беріледі);

- «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен өткен пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары атанған Халықаралық деңгейдегі конкурс чемпиондары (1 орын, 1 оқу жылына);

- Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатынасқан білім алушыларға (2 курстан бастап).

20% ЖЕҢІЛДІК:

- Спорт саласындағы жетістіктер үшін:

- Халықаралық деңгейдегі: (2 және 3 орын, 1 оқу жылына);

- Республикалық деңгейде: (1 орын, 1 оқу жылына);

- «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен өткен пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары атанған:

- Халықаралық деңгейдегі: (2 және 3 орын, 1 оқу жылына);

- Республикалық деңгейдегі (1 орын, 1 оқу жылына).

10 % ЖЕҢІЛДІК:

- Спорт саласындағы жетістіктер үшін:

- Республикалық деңгейде (2 және 3 орын, 1 оқу жылына).

- «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен өткен пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары атанған:

- Республикалық деңгейдегі (2 және 3 орын, 1 оқу жылына).

 
 
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...