Оқу үдерісін ұйымдастыру және диспечерлік қызмет бөлімі
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Оқу үдерісін ұйымдастыру және диспечерлік қызмет бөлімі

dinaNEW.JPG

Дина Муратовна Жарылгапова
Бөлім басшысы

Оқу үдерісін ұйымдастыру және диспечерлік қызмет бөлімі академиялық саясат басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім университетте оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіруді қамтамасыз етеді. Бөлім тікелей академиялық саясат басқармасының бастығына бағынады.

Міндеттері:
1. Білім берудің кредиттік оқыту технологиясы  бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен Қазақстан Республикасы  Ғылым және Жоғары білім министрлігінің  нормативтік  құжаттарына және университет ректоры бекіткен ішкі құжаттарына сәйкес оқу үдерісін  ұйымдастыру және оның орындалуына бақылауды іске асыру;
2. Білім қызметін жүргізу құқығына берілетін мемлекеттік лицензияға сәйкес университетте білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және басқару;
3. Білім беру қызметі сапасын арттыруға ықпал жасау. Оқу үдерісінің кестесіне сәйкес университет бойынша сабақ кестесін жасау, сабақтарды тексеру. Ашық сабақтар кестесін жинақтау, өту барысын қадағалау;
4. Университеттің студенттер контингентінің қалыптасуы мен қозғалысына бақылау жасау;
5. Институттардағы оқу үдерісін ұйымдастыру сапасына зерттеулер жүргізу және құжаттамаларды нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін тексеру;
6. Білім беру формалары мен әдістемелерін даярлау және оларды одан әрі дамыту;
7. Институттарда туындаған жағдайды жақсарту үшін нәтижелілікті анықтау мен мүмкіндіктерді бағалау мақсатында сараптама жүргізу;
8. Профессор-оқытушылар құрамына сағаттық төлемақы жасау бойынша құжаттарын жинақтау;
9. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сай Қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
10. Cтуденттерді қабылдау аяқталған соң университеттің қабылдау комиссиясынан жеке іс қағаздарды алу және жүргізу; Бұйрықтарға сәйкес студенттердің жеке іс қағаздарын құжаттамалық рәсімдеу және өзгертулер енгізу; Басқа ЖОО-дан ауысып келген студенттердің құжаттарына жазбаша сұраныс рәсімдеу; Басқа ЖОО-ға ауысып кеткен, сондай-ақ оқудан шығарылған студенттердің құжаттарын рәсімдеу және жөнелту;
11. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша мерзімдерін сақтай отырып жауап даярлау (дипломның телнұсқасын және білім алуды аяқтамағаны туралы анықтама толтыру);
12. Университетті бітірушілердің жеке іс қағаздарын тексеру, сақтау және университеттің  архивіне өткізу;
13. ҰҚК, қаржы полициясы мен басқа да ұйымдардың сұраныстарына жауаптарды қайтару;
14. Қатаң есептегі бланкілерді есепке алу және беру  жұмыстарын жүргізу; Қатаң есептегі бланкілерге сұраныс дайындау (дипломдар, білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамалар, студенттік билеттер және оларды беру мен есепке алу);
15. Университеттің оқу үдерісінің кестесіне сай кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің өтуін жоспарлайды, ұйымдастырады және қадағалайды. Кәсіптік практикаларды өткізу үшін  шығарушы кафедраларға облыс, қала төңірегіндегі мекемелермен, өндіріс орындарымен меморандумдар,келісім-шарттар жасауға ықпал етеді. Практикалардың барлық түрлерін ұйымдастыру, өткізу барысында практика жетекшілеріне жан жақты әдістемелік көмек көрсетеді. Практика бойынша өткізілетін бағыт бағдар беру және қорытынды конференцияларына қатысады.
16. Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық бұйрық жобаларын дайындайды, соның ішінде студентердің оқу ақысына жеңілдік жасау бойынша бұйрық жобаларын дайындау.
 
Қызметі:
1. ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттары және университет ректорының бұйрықтары негізінде университетте жалпы оқу үдерісінің ұйымдастырылуына жетекшілік етеді;
2. Оқу сабақтарының өткізілуіне, кафедралардағы атқарылатын іс-шараларға және тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарына бақылау жасайды;
3. Сабақ кестесінің жасайды және студенттердің сабаққа қатысуын арқылы қадағалайды;
4.ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына жоғары оқу орнына кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды дайындайды;
5. Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша студенттер контингенті туралы 1-17 формадағы квартал сайынғы және жылдық есептерін дайындайды.
6. ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай Қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады. (Қорытынды аттестаттау төрағаларына ұсыныс жинақтайды, келісім, қатынас хаттар жібереді. Университет бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағалары мен құрамын бекітуге ұсынады. Қорытынды аттестаттау төрағаларының жұмыс кестесін дайындайды және Қорытынды аттестаттау жұмысының есептерін жинақтап, Қорытынды аттестаттау қорытындысын Ғылыми Кеңеске ұсынады);
7. Шығарылатын мамандықтар бойынша үш тілде біліктілік тізбесін дайындайды;
8. 3-НК үлгісі  бойынша  студенттер  контингентіне  есеп жүргізеді; Университеттің студенттер контингентінің қалыптасуы мен қозғалысына бақылау жасайды;
9. Мемлекеттік білім гранттары, жоғары оқу орындарында оқу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім гранттары негізінде білім алатын студенттердің контингентіне бақылау жүргізеді.
10. ҚР Президенті белгілеген стипендиясына, ҚР Елбасы Қорының стипендиясына құжаттар дайындайды;
11. Оқу үдерісінің кестесіне сәйкес білім гранты негізінде білім алатын білім алушылардың емтихан сессияларының қорытындысы бойынша мемлекеттік стипендияны тағайындау мерзімдерін анықтайды.
12. ҚР БжҒМ-не білім беру гранттары бойынша бос орындарға орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды дайындау;
13. Республикалық олимпиадаларды өткізу жұмыстарын ұйымдастырады (бұйрық жобалары мен қатынас хаттарын дайындайды);
14. Оқу ақысына жеңілдік беру бойынша құжаттарын саралап көмиссияға ұсынады, бұйрық жобаларын дайындайды;
15. Университетте оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты бұйрық және өкім жобаларын, студенттердің іссапар бұйрықтарының жобаларын дайындайды;
16. Оқу үдерісін жетілдіруге байланысты іс-шаралар жоспарын жасайды, университетішілік ережелерін жасауға қатысады;
17. Оқытушылардың ай сайынғы оқу жүктемелерінің орындауын есепке алады, кафедралардың оқу жүктемелерін орындау жөніндегі ай сайынғы есептерін жинақтайды;
18. Профессор оқытушылар құрамының сағаттық төлемақы негізінде орындалған жүктемелерін есепке алу, ақы төлеу үшін есеп-қисап бөліміне өткізеді;
19. Оқу жылына университет бойынша дәрісханалар қорының реестрін дайындайды;
20. Институттар мен кафедралардың оқу-әдістемелік жұмыстарын талдау, тексеру комиссияларының құрамында жұмыс жасайды;
21. Эдвайзер-тәлімгер жұмыстарына бақылау жасайды.
22. Қысқы және жазғы емтихан кезінде қоғамдық комиссия мен аппеляциялық комиссия жұмыстарын ұйымдастырады;
23 Жазғы қосымша семестрді ұйымдастырады;
24. Студенттер контингентінің қозғалысы бойынша мәліметтерді уақтылы жасауға бақылау жүргізу;
25. Студенттердің жеке іс қағаздарын қабылдайды, тексереді, сақтайды;
26. «Платонус» бағдарламасына білім алушылардың бұйрықтары бойынша өзгертулер енгізу;
27. Студенттерге және олардың қозғалысына сандық және сапалық есеп жүргізу, ақпараттарды студенттер туралы мәліметтер базасына енгізу, студенттердің институттар бойынша базасында контингентінің уақтылы жаңартылуы мен толықтырылуын қадағалау жатады.

 

Құрылымы:
Жарылгапова Дина Муратовна - бөлім басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы
Эл.почта: djm.06@mail.ru  
Фоменко Елена Вениаминовна, Сапарбаева Алма БимурзаевнаБержанова Ляззат Мергеновна- бас әдіскерлер
Калдыбек Мырзаханұлы Киясов - практика меңгерушісі 
Жұмағұлова Айжан Қанибекқызы, Сагынбаева Жанар Ералхановна, Еримбетова Айжан Курманалиевна, Сагимбаева Роза Тынымбаевна, Ахметова Зауре Ұзақбайқызы, Медетбаева Қарлығаш Медетбайқызы, Аккулова Жанат Жумабековна, Ақышбаева Кенжекүл Үсенқызы- әдіскерлер
Карамергенова Сауле Калдыбековна, Альжанова Айнур Онгарбаевна - инспекторлар
Кожабекова Алтынай - маман
Серікбаева Бағжан Сейтмұратқызы - референт-хатшы. 

 

E-mail: djm.06@mail.ru  
Байланыс телефондары: 8(7242) 27-09-96, 26-41-64.
Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі, 29 А, Бас оқу ғимараты

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...