«Қорқыттану» ғылыми орталығы
Кәрібозұлы Бағдат
«Қорқыттану» ғылыми орталығының директоры
Міндеттері:
1. Студенттердің зерттеушілік шығармашылығын жан-жақты дамытуына жағдай жасау;
2. Гуманитарлық бағыт бойынша мамандар даярлаудың сапасын арттыруға атсалысу;
3. Салалас кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға күш салу;
4. Тарих, филология және өнер мәселелері бойынша бекітілген ғылыми бағытқа сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
5. Қазақ халқының мәдени өмірінде маңызы бар ғұлама ойшылдар мен ғалымдардың мұраларын, раритетті басылымдар, кітаптар, мұрағат деректері мен қолжазбаларды іздестіріп табу және оларға ғылыми сараптама жүргізу үшін жасақталған ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысу, алыс-жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларында ізденіс жұмыстарын жүргізу;
6. Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі Сыр өңіріндегі этникалық үдерістерді зерттеу, түркі халықтарының этникалық бірлігін насихаттау;
7. Өңірдің этнографиялық ерекшеліктерін айқындау, тарихи тұлғалардың мәдени-рухани және ғылыми мұраларын жинақтау;
8. Археографиялық ізденістер нәтижесінде табылған тарихи шығармаларды мемлекеттік тілге аударып, ғылыми айналымға енгізу;
9. Жас зерттеушілердің шығармашылық дағдысын қалыптастыруға ықпал жасау;
10. Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени мұралардың маңызын ашатын ғылыми-көпшілік басылымдар шығару.
Қызметтері:
1. Әдебиет және тарих мәселелері бойынша жергілікті, республикалық деңгейде ғылыми конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, студенттік пікір сайыстарды ұйымдастыру және өткізу;
2. Әдебиет, тарих саласындағы ғылыми-оқыту және зерттеу қызметін іске асыру;
3. Әдебиет және тарих саласында ғылыми зерттеулерді іргелі ұйымдастыру және іске асыру, әдебиеттану, тарих пәндерінен оқу-әдістемелік материалдарды сараптау және дайындау;
4. Әдебиет, тарих мәселелерімен айналысатын барлық мемлекеттік органдар деңгейлерімен байланыс орнықтыру және өзара әрекеттесу;
5. Тәрбие жұмысын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылымдардың құрылымдық бөлімшелерінің, оқу мекемелерінің басшыларына әдеби, тарихи мәселелер бойынша кеңес беру;
6. Мамандандырушы кафедралардың докторанттары, магистранттары және студенттерінің зерттеу жұмыстарына тақырып таңдау, мақсат - міндеттерін айқындауға кәсіби түрде кеңес беру.
E-mail: sirdaria@inbox.ru
Байланыс телефондары: 8(7242) 27-81-69
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
e-univer.korkyt.edu.kz
Емтихан сессиясының Call center
+7-7242-558877
Жедел желі
+ 7242 27-28-49
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...