«Aрхеология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Приемная комиссия +7242 23-53-92

«Aрхеология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы

Тажекеев.jpg

Тәжекеев Әзілхан Әуезханұлы
«Aрхеология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі

Міндеттері:
1. Археология және этнография перспективалық бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
2. Шетелдік және отандық археология этнография, антропология тарих саласындағы ғылыми мекемелермен әріптестік байланыс орнату;
3. Ғылыми жобаларды орындауға бюджеттен тыс қаражаттар тарту;
4. Бейінді білім бағдарламаларының оқу үдерісін ғылыми әдіснамалық қамтамасыз ету.

Қызметі:
1. Археологиялық зерттеулер мен жұмыстарды (археологиялық барлау, ескерткіштің топографиялық жоспарын жасау, геофизикалық жұмыстар, қазба жұмыстары және археологиялық жәдігерлерді өңдеу мен қалпына келтіру, археологиялық ескерткіштерді қорғау) ұйымдастыру және жүргізу;
2. Халықаралық бағдарламалар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ғылыми жобалар конкурстарына қатысу;
3. Бейінді кафедралар мен зертханаларға ғылыми-әдістемелік және кеңес беру қызметін көрсету;
4. Ғылыми жобаларға және ОПҚ мен білім алушылардың ғылыми конкурстарға ұсынған жұмыстарына сараптама жасау;
5. Археологиялық-этнографиялық бағыттар бойынша ОПҚ және студенттер арасында ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
6. Орталықтың ғылыми бағыты бойынша ғылыми семинарлар, конференциялар, көрмелер және т.б. оқу-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру мен үйлестіру;
7. Орталықтың жұмысына қатысты мәселелер бойынша университеттің Ғылыми Кеңесіне қажетті материалдарды дайындау;
8. Мәдениет саласының және басқа да мекемелер қызметкерлерінің (мұражай, ғылыми кеңесшілері, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекциясы мамандары және т.б.) біліктілігін арттыру семинарлары мен тағылымдамаларын ұйымдастыру;
9. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін баспаға дайындау;
10. Қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлерді зертханалық сараптамалардан кейін орталықтың көрме залына қою;
11. Халықаралық рецензияланатын басылымдарда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысында ғылыми мақалаларды жоспарлы түрде жариялау;
12. Орталықтың ағымдағы қызметі туралы ақпаратты (жаңалықтар, оқиғалар, іс-шаралар) университеттің веб-сайтында, әлеуметтік желілерде тұрақты жариялау.

«Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залы

 


E-mail: azik8484@mail.ru       
Байланыс телефондары: 8 (7242) 27-02-11
Мекен-жайы: Әйтеке би 29а, Қорқыт Ата атындағы ҚУ, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залы

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...