Әскери кафедра
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Приемная комиссия +7242 23-53-92

Әскери кафедра

uvai (1).jpg

Увайдаев Нұрсейт Өтегенұлы
Әскери кафедра жетекшісі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 1 қыркүйегінде шыққан №1282 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1999 жылдың 29 қарашасындағы №190 және Білім және ғылым министрінің №57 бірлескен бұйрығына сәйкес 2000-2001оқу жылынан бастап аймақтың тарихында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті құрамында бірінші рет әскери кафедра ашылды. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық Қазақстан Республикасының жұмылдыру резервін қалыптастыру, білім алушы жастар арасында әскери патриоттық жұмысты жүргізу, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштері офицерлер құрамының лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында алатын жоғары кәсіптік білім негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы әскери кафедра студенттерін әскери даярлау ісі келесі әскери-есеп мамандықтары бойынша запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша жүргізіледі:
1. Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдерді және құрылымдарды жауынгерлік қолдану.
2. Ұйымдастыру-жұмылдыру дайындығы.

Студенттерді әскери дайындау қосымша оқыту түрі болып табылады және теориялық және практикалық оқу курстарынан тұрады. Әскери дайындыққа барлығы 588, оның ішінде ЖОО-дағы теориялық дайындыққа - 360 және практикалық дайындыққа - 228 академиялық сағат бөлінеді. Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу жыл сайын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен бекітілетін басшылық құжат және қабылдау жоспарына сәйкес конкурс негізінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы сотталмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, әскери қызметке денсаулығы жағдайы жарамды ЖОО-ның бірінші курсын аяқтаған студенттер жіберіледі.

Құрылымы:
Увайдаев Нұрсейт Өтегенұлы - полковник, әскери кафедра жетекшісі
Жұмыс телефоны: 8 (7242) 27-72-15
Ердигаликов Биболат - отставкадағы майор, аға оқытушы , әскери кафедра жетекшісінің орынбасары 
Жұмыс телефоны: 8 (7242) 27-72-15
Кенжегулов Сәкен Маратұлы, Мырзагулов Араб Абжанұлы - запастағы майор, аға оқытушы, цикл бастығы
Жұмыс телефоны: 8 (7242) 27-72-15
Пазылов Нұрлыбек Жамалдинович, Жарасбаев Асқар Алтынбекұлы - запастағы капитан, оқытушы
Жұмыс телефоны: 8 (7242) 27-72-15
Бекенов Мирамбек Даулетбаевич - запастағы майор, оқытушы
Жұмыс телефоны: 8 (7242) 27-72-15
Мәдибеков Төлеген Сәбитұлы - әдіскер- нұсқаушы
Жұмыс телефоны: 8 (7242)27-61-67
Елеукеева Эльмира Берікболовна - шебер
Жұмыс телефоны: 8 (7242)27-61-67
Танатканова Бисенкүл Мыңбайқызы - аға зертханашы
Жұмыс телефоны: 8 (7242)27-61-67
Төлепов Руслан Асқарұлы - шеберхана меңгерушісі
Жұмыс телефоны: 8 (7242)27-61-67

E-mail: vk_kgu@mail.ru   
Байланыс телефоны: 27-72-15

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...