СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН КІТАПТАР

СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН КІТАПТАР

1941-1945 соғыс жылдары біздің институтпен қатар эвакуациаланған үлкен-үлкен үш жоғары оқу орны – біріккен Украин университеті, Москва ауылшаруашылық механизация және электрификация институты және Қырым медициналық институттарының оқу процесін қамтамасыз етуге барлық күш жұмсалды. Соғыс бітті, оқу орындары өз орнына оралды, ал кітаптар қоры Қызылорда педагогикалық институтында қалды. Міне, осылай әртүрлі жолдармен, әртүрлі тағдырлармен кітапхананың сирек кездесетін кітаптар қоры жинақталды. Олар: анықтамалар, оқулықтар, ғылыми және көркем әдебиеттер. Көбісі мазмұны жағынан ескі деп саналып, кітапхана мұрағатында сақталып келді. 

1988 жылғы ҚСРО жоғарғы оқу орындары министрлігінің №50 бұйрығы негізінде кітапхана қорынан сирек кездесетін әдебиеттер іріктеліп, 5000 данадан асатын кітаппен бөлім ашылды.
Сирек кездесетін әдебиеттер қорындағы кітаптарға тән ерекшеліктер, біріншіден ертеректе басылғанына қарамастан жақсы сақталуы болса, екіншіден мұқабаларының безендірілуі, әрқайсысының мазмұнына сәйкес болуы олардың құнын арттыра түседі. Бұл қорда 1760-1947 жылдары жарық көрген ескі славян, орыс, кәріс, неміс, ағылшын, латын тілдеріндегі әдебиеттер сақталған.

«Ең ескі» және ерекше кітаптар қатарына 1760 жылы жарық көрген «Древняя история об египтянах, карфагенянах, об ассириянах, о вавилониянах, о мидиянах, о персах, о македониях и о греках» шығармасын, 2-ші Екатерина Императрицаның 1894 жылы Санк-Петербургтен шыққан екі таңдамалы шығармаларын және «Словарь писателей среднего и нового периода русской литературой ХҮІІ-ХІХ /1700-1825 гг./» т.б. айтуға болады. Сонымен қатар қорда араб тілінде және төте жазумен жазылған Сыр өңірі ақындарының қолжазбалары сақталған.

уроки Joomla

forerunner 235