Біз туралы

Біз туралы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы оқу орнының жетекші құрылымдық бөлімі ретінде екі миллионнан асатын көп салалы дәстүрлі басылымдар мен электронды ресурстары бар, заманауи технологиямен және ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілген ақпарат орталығына айналды.
Кітапханада 5 оқу залы, 4 абонемент, 3 электронды зал, мөлшерлік-техникалық құжаттар бөлімдері және 1 кітап беру пункті оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Қорда 5000 дана сирек кездесетін басылымдар: энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, т.б. құжаттар бар. Олар: 1760-1947 жылдары жарық көрген ескі славян, орыс, кәріс, неміс, ағылшын, латын тілдеріндегі әдебиеттер және т.б.
Кітапхана «KazSoft» компаниясы құрастырған «КАБИС-2.1» (Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі) бағдарламасымен жұмыс жүргізеді. Кітапхананың мәліметтер базасын қалыптастыру, пайдаланушылардың қашықтағы ақпарат ресурстарына еркін, жедел қол жеткізуін қамтамасыз ету, оқытушы-профессорлардың еңбектерінің мәліметтер базасын жасау жұмысы қолға алынған. Университеттің электронды кітапханасының қоры жасақталуда. Кітапханада Thomson Reuters, Springer, Elsevier компаниясының Scopus, электронды-кітапхана жүйелері «Лань», «Полпред» және отандық электронды кітапханалар РМЭБ (Республикалық жоғары оқу орындары аралық кітапхана) мен КазНЭБ (Қазақ ұлттық электронды кітапхана) деректер базаларын т.б. пайдалануға мүмкіндік жасалған.

уроки Joomla

forerunner 235