Featured

«Экономиканы дамытудың және құқықты жетілдірудің постпандемиялық модельдері: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2020 жылдың 3 желтоқсан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Экономиканы дамытудың және құқықты жетілдірудің постпандемиялық модельдері: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияға Сакария университетінің Еңбек экономикасы және өндірістік қатынастар кафедрасының профессоры Мұстафа Чаглар Өздемір, LUDYMAR аграрлық секторының қаржылық кеңесшісі, LDA (Ангола) доктор Домингуш Душ Сантош, Қазан (Приволжск) Федералдық университетінің Халықаралық және Еуропалық құқық кафедрасы меңгерушісі, профессор Абдуллин Адель Ильсиярович, Австриялық "ГеРус Агро"компаниясының директоры Будаев Болат Баторович, "QazTrade "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ бас директорының орынбасары Құлбатыров Нұрлан Найзабекұлы,. "KTZ Express" АҚ Батыс филиалының басшысы Тулендиев Ерлан Ернисович, сондай-ақ Сакария университеті мен Қорқыт ата университетінің басшылығы, профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Конференция барысында бүгінгі талқыланған мәселелерді студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарының тақырыптары ретінде таңдау және тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық алаңда өзекті мәселелерді талқылау үшін осы сынды онлайн жиындарды ұйымдастыру ұсынымдары енгізілді. 

уроки Joomla

forerunner 235