Featured

«Express Publishing» халықаралық баспасының оқулықтары

2020 жылдың 24 қарашасында ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Express Publishing» халықаралық баспасының оқулықтары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн-вебинар өтті. Вебинарға «Express Publishing» халықаралық баспасының Қазақстандағы өкілеттігі «EDU Stream» компаниясының Қызылорда бойынша өкілі Садирбаева Дина Медетбекқызы, «Шетел тілі және аударма», «Практикалық ағылшын тілі» кафедраларының оқытушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты.

«EDU Stream» компаниясынан сыйға келген оқулықтар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша шығарылған. «Smiles for Казахстан» атауы бойынша шығарылған кітаптар бастауыш сынып мектептерінде пайдалануға ұсынылған ағылшын тілінің негізгі оқулықтары.
Дина Медетбекқызы «Express Publishing» халықаралық баспасынан түскен оқулықтар мен оқу құралдарымен таныстыра отырып, оқу үдерісінде тиімді пайдалану жолдары туралы баяндады. Вебинардың мақсаты - ағылшын тілін инновациялық әдіспен оқыту және оқушының сыни, шығармашылық ойлауын дамытуға, функционалдық сауаттылық пен қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған оқулықтармен кафедра оқытушыларын таңыстыру.
Модератор кітапхананың кітап қорын толықтыру және каталогизация бөлімінің меңгерушісі Есмағамбетова Гүлнар Қалиқызы.

уроки Joomla

forerunner 235