2020 жылдың 25 қарашасында ғылыми кітапхана қызметкерлері «Дәстүрлі өнер» институтының оқытушыларына қашықтықтан оқыту процесінде «Электронды кітапхананы пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн-вебинар ұйымдастырды.
2020 жылдың 24 қарашасында ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Express Publishing» халықаралық баспасының оқулықтары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн-вебинар өтті. Вебинарға «Express Publishing» халықаралық баспасының Қазақстандағы өкілеттігі «EDU Stream» компаниясының Қызылорда бойынша өкілі Садирбаева Дина Медетбекқызы, «Шетел тілі және аударма», «Практикалық ағылшын тілі» кафедраларының оқытушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Университеттің Ғылыми кітапхана қызметкерлері 17-19 қараша күндері өтетін ҚР ЖОО кітапханаларының қауымдастығы және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен онлайн форматтағы «Жоғары оқу орны кітапханаларының әлемдік дамудағы жаңа үрдістері» атты IX халықаралық конференциясына қатысты.
2020 жылғы 12 қарашада Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сока мырза, Корея Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы О Сангхун мырза, Корея Республикасы Елшілігінің саяси бөлімінің маманы Джанибеков Дулат мырзалар университеттің Ғылыми кітапханасымен танысты.