Журналдың редакциялық саясаты және бағыттылығы

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Хабаршысы. Ауыл шаруашылығы ғылымдары» журналы жылына 4 рет шығады, ол отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстары туралы ақпараттарды және ғылыми конференция материалдарын, ғылыми-әдістемелік мақалалар, жастардың ғылыми шығармашылығын, университет өмірі туралы ақпараттарды қамтиды.

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Хабаршысы. Ауыл шаруашылығы ғылымдары» журналының редакциялық саясатының міндеттері:

  • ғылыми зерттеулердің сапасын жоғарылатуға, озық ғылым жетістіктерін енгізу үшін ғылыми әлеуетті анықтауға ықпал ету;
  • ғалымдар мен жас зерттеушілерге өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялау мүмкіндігін беру;
  • ауыл шаруашылығы саласының ең өзекті перспективті және қызықты бағыттарға назар аудару:
  • отандық және шетелдік ғалымдардың өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету және жарияланымдарға тарту, зерттеушілер арасында пікір алмасуларды жолға қою.
  • Барлық тараптардың (редакторлар, авторлар, рецензенттер) өзара қарым-қатынастары жарияланымдар әдебіне қойылатын талаптарды қадағалауға негізделеді.
  • мақалаларда келтірілген нақты материалдарға авторлар жауап береді;
  • жариялануға қабылданған қолжазбалар авторларға қайтарылмайды.

Рецензиялау нәтижелері бойынша теріс баға алған және журналдың редакциялық алқасымен мақұлданбаған материалдар жарияланбайды және авторларға қайтарылмайды. Редакция қабылданбаған материалдарды сақтамайды.