Экономика және құқық институты
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Приемная комиссия +7242 23-53-92

Экономика және құқық институты


IMGL1920 (1).JPG

 

Құрметті талапкер! Құрметті студент!
    Барлығыңызға белгілі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Қазақстанның жоғары оқу орындарының ішінде жетекші орын алады. Бұл университетте оқу беделді және құрметті, алайда бұл Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктейді. 
    Сіздерді, Экономика және құқық институтының, ақылды, озатты, белсенді, мақсаттары айқын, болашағынан зор үміт күтетін жастарымыздың ортасына шақырамын. Бұл жерде Сіздер, әлемдік деңгейдегі жоғары білім аласыздар, Қазақстанның мықты ғалымдарынан, рейтінгісі жоғары шетелдік профессор-оқытушыларынан, аймақтың өндірістен келген практик мамандардан, компания басшыларынан тәлім алуға мүмкіншілік аласыздар. Біздің студенттерді жоғары оқу орнын бітірмей тұрып компаниялар жұмысқа шақырады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жалғастыру үшін басқа университеттерден келген мемлекеттік аттестаттау комиссиялары біздің бітіруші түлектерді өздеріне шақырады. Бұл біздің сапалы кадр дайындаудағы саясаттымыздың оң нәтижесі деп білеміз. 
    Білім ала отырып, студентеріміз халықаралық дәрежедегі ғылыми олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алады. Университет қабырғасында жүріп академиялық ұтқырлық арқылы шет елде оқуға мүмкіншілік алады. 
   Экономика және құқық институтының студенттердің өзін өзі басқару жүйесі Сіздерге уақытыңызды бос өткізбейге көмек береді. Институттың мәдени және спорттық дәстүрлі іс шаралының ауқымы кең. 
   Институт Сіздерге білімі мен құзіреттілігін қатар дамыған кемел адам болып қалыптасуға мүмкіншілік жасайды. Бізді таңдау – өміріңіздегі сәтті таңдау деп біліңіз! 

 

Құрметпен, Экономика және құқық институты директоры Құлмырзаев Нұрлан Серікұлы


Жұмыс телефоны:
8(7242) 27-91-49
E-mail:  
scout_kzl@mail.ru  

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...