Жас ғалымдар Кеңесі
20.Там.2020

  ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ

Жас ғалымдар Кеңесі (Әрі қарай - Кеңес) Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда университетінің жанында жұмыс істейтін әрі тұрақты әрекет ететін Қазақстан Республикасының болашағын баянды ету үдерісіне жас ғалымдардың (40 жасқа дейінгі және қос алғанда) белсенді қатысуына ықпал жасайтын, олардың қызметін үйлестіріп, күшін біріктіретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттары, университет Жарғысы және осы Ереже негізінде жүзеге асырылады.

Кеңестің қазақ тіліндегі атауы – Жас ғалымдар Кеңесі (ЖҒК), ағылшын тілінде – The Council of young scientists (CYS), орыс тілінде – Совет молодых ученых (СМУ).

Кеңес жас ғалымдардың кәсіби өсуін жандандыру мақсатында құрылады, сонымен бірге өзекті ғылыми мәселелерді әзірлеу және басым ғылыми міндеттерді шешу үшін олардың күшін біріктіру, сондай-ақ жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту.

 

   

   

                                                                                                        

 

  • Қорқыт ата атындағы қызылорда университеті жас ғалымдар кеңесінің Құрамы

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жас ғалымдар Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жас ғалымдар Кеңесінің 2020-2021 жылдарға арналған жұмыс жоспары