«Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы
19.Там.2020

   

 

Тәжекеев Әзілхан Әуезханұлы       «Археология және этнография» ғылыми орталығының жетекшісі                                                                   

Ғылыми дәрежесі:                               РhD 

Байланыс телефоны                         8(7242) 27-02-11

Электрондық почтасы:                      azik8484@mail.ru                                             

 

 

 

АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Орталықтың негізгі міндеттері:

• Археология және этнография перспективалық бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

• шетелдік және отандық археология этнография, антропология тарих саласындағы ғылыми мекемелермен әріптестік байланыс орнату;

• ғылыми жобаларды орындауға бюджеттен тыс қаражаттар тарту;

• бейінді білім бағдарламаларының оқу үдерісін ғылыми әдіснамалық қамтамасыз ету.

 

АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Орталықтың атқаратын негізгі қызметтері:

• археологиялық зерттеулер мен жұмыстарды (археологиялық барлау, ескерткіштің топографиялық жоспарын жасау, геофизикалық жұмыстар, қазба жұмыстары және археологиялық жәдігерлерді өңдеу мен қалпына келтіру, археологиялық ескерткіштерді қорғау) ұйымдастыру және жүргізу;

• халықаралық бағдарламалар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ғылыми жобалар конкурстарына қатысу;

• бейінді кафедралар мен зертханаларға ғылыми-әдістемелік және кеңес беру қызметін көрсету;

• ғылыми жобаларға және ОПҚ мен білім алушылардың ғылыми конкурстарға ұсынған жұмыстарына сараптама жасау;

• археологиялық-этнографиялық бағыттар бойынша ОПҚ және студенттер арасында ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

• орталықтың ғылыми бағыты бойынша ғылыми семинарлар, конференциялар, көрмелер және т.б. оқу-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру мен үйлестіру;

• орталықтың жұмысына қатысты мәселелер бойынша университеттің Ғылыми Кеңесіне қажетті материалдарды дайындау;

• мәдениет саласының және басқа да мекемелер қызметкерлерінің (мұражай, ғылыми кеңесшілері, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекциясы мамандары және т.б.) біліктілігін арттыру семинарлары мен тағылымдамаларын ұйымдастыру;

• ғылыми зерттеулер нәтижелерін баспаға дайындау;

• қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлерді зертханалық сараптамалардан кейін орталықтың көрме залына қою;

• халықаралық рецензияланатын басылымдарда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысында ғылыми мақалаларды жоспарлы түрде жариялау;

• орталықтың ағымдағы қызметі туралы ақпаратты (жаңалықтар, оқиғалар, іс-шаралар) университеттің веб-сайтында, әлеуметтік желілерде тұрақты жариялау.