«Қорқыттану» ғылыми орталығы
19.Там.2020

   

 

    

   Кәрібозұлы Бағдат                                     «Қорқыттану» ғылыми орталығының жетекшісі                                                                

   Ғылыми дәрежесі:                                      Филология ғылымдарының докторы, профессор

   Байланыс телефоны                                8(7242) 27-81-69

   Электрондық почтасы:                             sirdaria@inbox.ru                                             

 

 

 

 

 

Міндеттері:

• Студенттердің зерттеушілік шығармашылығын жан-жақты дамытуына жағдай жасау;

• Гуманитарлық бағыт бойынша мамандар даярлаудың сапасын арттыруға атсалысу;

• Салалас кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға күш салу;

• Тарих, филология және өнер мәселелері бойынша бекітілген ғылыми бағытқа сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

• Қазақ халқының мәдени өмірінде маңызы бар ғұлама ойшылдар мен ғалымдардың мұраларын, раритетті басылымдар, кітаптар, мұрағат деректері мен қолжазбаларды іздестіріп табу және оларға ғылыми сараптама жүргізу үшін жасақталған ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысу, алыс-жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларында ізденіс жұмыстарын жүргізу;

• Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі Сыр өңіріндегі этникалық үдерістерді зерттеу, түркі халықтарының этникалық бірлігін насихаттау;

• Өңірдің этнографиялық ерекшеліктерін айқындау, тарихи тұлғалардың мәдени-рухани және ғылыми мұраларын жинақтау;

• Археографиялық ізденістер нәтижесінде табылған тарихи шығармаларды мемлекеттік тілге аударып, ғылыми айналымға енгізу;

• Жас зерттеушілердің шығармашылық дағдысын қалыптастыруға ықпал жасау;

• Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени мұралардың маңызын ашатын ғылыми-көпшілік басылымдар шығару.

 

 

Қызметтері:

• Әдебиет және тарих мәселелері бойынша жергілікті, республикалық деңгейде ғылыми конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, студенттік пікір сайыстарды ұйымдастыру және өткізу;

• Әдебиет, тарих саласындағы ғылыми-оқыту және зерттеу қызметін іске асыру;

• Әдебиет және тарих саласында ғылыми зерттеулерді іргелі ұйымдастыру және іске асыру, әдебиеттану, тарих пәндерінен оқу-әдістемелік материалдарды сараптау және дайындау;

• Әдебиет, тарих мәселелерімен айналысатын барлық мемлекеттік органдар деңгейлерімен байланыс орнықтыру және өзара әрекеттесу;

• Тәрбие жұмысын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылымдардың құрылымдық бөлімшелерінің, оқу мекемелерінің басшыларына әдеби, тарихи мәселелер бойынша кеңес беру;

• Мамандандырушы кафедралардың докторанттары, магистранттары және студенттерінің зерттеу жұмыстарына тақырып таңдау, мақсат - міндеттерін айқындауға кәсіби түрде кеңес беру.