Совет ветеранов

1998 жылы Қызылорда Гуманитарлық Университеті мен Политехникалық институты қосылып, қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті атанды. Бұған дейін Ардагерлер бастауыш ұйымы кәсіподақ  ұйымымен бірге болатын. Аталған жылдан бастап, Университет бастауыш ардагерлер ұйымын профессор Абылай Хангерейұлы Айдосов басқарды. Университет ардагерлерінің өмірбаяндық құжаттарын электронды жинақты компьютерге енгізді.

Профессор А.Х. Айдосов өмірден озған соң, Университет бастауыш ардагерлер ұйымын – 2009 жылдан бастап профессор Қазбай Құдайбергенов басқаруда.

Университет ардагерлер ұйымын құрамында:

  1. Қазбай Құдайбергенов
  2. Абдрахманов Нұртаза
  3. Сапарходжаев Пажарбек
  4. Сексенбаев Зинайда
  5. Садуақасов Жеңістен тұратын Ардагерлер кеңесі арқылы, іс-шаралар жүгізіледі.

Құрамы  ардагерлермен жабдықталған “Сыр сұлуы” ансамблі, Ардагер ғалымдардың “Парасат” қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді.

Ардагерлер кеңесінің ұсынысымен Қызылорда қаласынан педагогика институтын көп жыл басқарған профессор Орлхан Камардиновтың, сәулетші қаланың көптеген ғимараттарының авторы Мәлік Сапарғалиевтің есімімен көше аттары берілді.  Профессорлар  Сейсенов Бахытбек, Мұстафа Матаев Қармақшы және Қазалы аудандарының құрметті азаматы атанды. Ардагерлер профессор: С. Елубаев, О. Камардинов, Б. Қашқынбаев, Қ. Жанабергенов, Ә. Оразалиев, С. Бекбаев, С. Жүнісов, Қ. Балтаев, Т. Қуанышбаев есімдерімен арнайы дәрісханалар мен зертханалар ашылды.

Ардагерлер ұйымы күн бұрын бір оқу жылдыққа негізделген жұмыс жоспармен әрекет етеді. Арнайы мейрам күндері ардагерлерге сый- сияпат көрсетіліп, емдеу орындарына жолдамалар мен моралдық көмектер көрсетіледі.

  Университет ардагерлері облыстық баспасөзбен телеарналарға жиі шығып, ғылыми практикалық конференцияларға белсене араласады.

Ардагерлер арасында жылсайын баскетбол, шахмат, шашкі, бильярд сынды спорттық жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

Бас оқу ғимаратының 2-ші қабатынан ардагерлерге арнайы, бас қосып жиналыстар , шаралар өткізу үшін екі бөлмелі орын берілген.

Онда ардагерлер тынысы, “Ардагерлер зеттеулерінің құжаттары”-еңбектері қойылған. 2-ші оқу ғимаратының 2-қабатында “Ардагерлер ардағым” атты үлкен стенд қойылды. Университеттің 80 жылдығына орай өмірден озған ардагерлерге арналған “Қалдырған ізің мәңгілік” атты жинақ шығарылды.

Қазір облыстық мәдени , қоғамдық іс-шараларына Ардагерлер кеңесі Университет ардагерлерінің белсенді қатысуын ықпал жасап отырады. Қазіргі таңда Ардагерлер ұйымы, 201 ардагерлерді қамтиды. Олардың 97-і жұмыс істейді.