Ғылыми кеңес
19.Там.2020

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми кеңесі кеңестік-мәжілістік орган болып табылады.
Университет Ғылыми кеңесінің қызметі жариялылық пен өз құзырындағы мәселелерді ұжымдық талқылау қағидаларына сүйенеді.
Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты:
– кәсіби білікті кадрлар даярлауды табысты іске асыру мақсатында университеттің білім алушылары мен оқытушы-профессорлар құрамына қажетті жағдайлар жасау;
– қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту;
– университеттің одан әрі дамуына ықпал ету және т.б.
Ғылыми кеңес төрағасы – университет ректоры, филология ғылымдарының кандидаты Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Ғалым-хатшы – PhD доктор Жолмаханова Ақерке Болатқызы.
Ғылыми кеңес университет ректорының бұйрығымен құрылады.
Университет Ғылыми кеңесінің құрамына ректор, проректорлар, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар, университеттің студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіре алады.
Университет Ғылыми кеңесінің құрамы университет ректорының бұйрығымен бекітіледі. Ректор университет Ғылыми кеңесінің төрағасы болып табылады.
Төраға болмаған жағдайда төраға орынбасары оның міндеттерін атқарады.
Университет Ғылыми кеңесінің жұмысын ғалым хатшы қамтамасыз етеді.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ
Ғылыми кеңес өз құзыреті шегінде келесі қызметтерін жүзеге асырады:
– ғылыми, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша мәселелерді қарастыру;
– оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективалық жоспарын қарастыру;
– профессор-оқытушылар мен ғылыми құрамға ғылыми атақ беру мәселелерін қарастыру;
– ішкі тәртіп ережелерін қарау және бекіту;
– оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
– университеттің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді қарастыру;
– университеттің әлеуметтік теңдік дамуының негізгі мәселелерін қарастыру және шешімін қабылдау;
– университеттің өткен оқу жылындағы қызметінің қорытындысын шығару;
– Қоғамдың оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары туралы есептерді мерзімді түрде қарау;
– Қоғам құрамына кіретін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді қарау;
– мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын Қоғам басқармасына бекіту үшін қарастыру;
– Қоғам қызметіне қатысты жеке ұжымдық шешімді талап ететін басқа да мәселелерді қарастыру;
Ғылыми кеңес нақты қызметтері және құрамы бар тұрақты және уақытша жұмыс істейтін комиссиялар құра алады.

 

 

 

 

Байланыс телефоны: 8 (724) 227-68-22,
Ішкі номер: 112