Аккредиттеу
18.Там.2020
Қазіргі білім жүйесінде аккредиттеу білімнің қажетті спасын қамтамасыз етудің негізгі құралы ретінде қаралады. Бұған білім үдерісінің шарттарына, білім бағдарламаларының мазмұнынына қойылатын талаптарды және осы талаптарға білім үдерісінің сәйкестігін бағалауды айқындайтын тиісті нормативтік құжаттарды енгізу есебінен қол жеткізіледі.
Аккредиттеу – бұл осы арқылы аккредиттеу органы жоо-ң жалпы қызмет сапасын және жоо-ң жекелеген білім бағдарламаларын олардың нақты стандарттар мен критерийлерге сәйкестігін тану мақсатында бағалайтын үдеріс. Аккредиттеу институционалдық және мамандандырылған, сондай-ақ ұлттық және халықаралық болып бөлінеді. Институционалды аккредиттеу – білім ұйымын жалпы аккредиттеу.
Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу жеке білім бағдарламасын аккредиттеумен тұжырымдалады. Қазақстан Республикасында білім ұйымдарын аккредиттеу ерікті негізде жүргізіледі. Білім ұйымдары аккредиттеу органын өз бетінше таңдай алады.
Аккредиттеу барған сайын үлкен рөлге ие болып, жоо-ң институционалды легитиімділігінің белгісіне айналуда, өйткені тәуелсіз агенттікпен жүргізіледі, ол жоо-ң алдыңғы тәжірибесіне негізделе отырып, бағдарламалардың үйлесімділігіне немесе академиялық құрылымның адалдығына сүйенеді. Аккредиттеу сапа синонимі ретінде түсінілетін болды.
2017 жылы 11-13 қарашада университет институционалдық аккредиттеу аясында екінші рет 5 жыл мерзімге (03.01.2018 - 03.01.2023) сыртқы аудит процедурасынан өтті (куәлік №0085, 2017 жылғы 25 желтоқсан).
Куәлік
Қорқыт Ата атындағы ҚУ-ң 82 білім беру бағдарламасы, оның ішінде 47 – бакалавриат, 27 – магистратура және 8 - PhD докторантура бағдарламалары Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚБТА) және Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) арқылы мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

 

Бакалавриат:
Магистратура:
PhD докторантура: