Өзіндік үлгідегі диплом туралы
13.Шіл.2021

 

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өзіндік үлгідегі құжаттарды беруін ұйымдастыру  жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы ҚР БжҒ министрі А.Аймағамбетовтің   08.12.2020ж. №512  бұйрығының қосымшасына және  ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры А. Тойбаевтың 31.05.2021-ғы № 14-2/1072-ВН шығыс хатына  сәйкес жолданған әдістемелік ұсынымдарды негізге ала отырып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде«Білім туралы құжаттардың түрлері, оларды толтыру және есепке алу талаптары туралы» ереже жасалып, директорлар Кеңесінде бекітілді. Дипломдардың түрлері бойынша  бланкілерді дайындау Ұлттық банкноттық фабрика  мен университет арасындағы келісім-шарт негізінде  орындалды.

 

2021 жылдан бастап өзіндік үлгідегі құжаттардың (дипломдардың) нөмірлерін генерациялау веб-ресурста орналасқан арнайы сервистің https://dv.iac.kz/ «ЖОО дипломдарының нөмірлерін генерациялау» бөлімінде Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың нөмірлерін генерациялау жөніндегі Нұсқаулық негізінде жүзеге асырылды.

Өзіндік үлгідегі диплом беру – жоғары оқу орындарының дербестігін кеңейту бойынша таңдалған жол. Бұл жоба БжҒМ-ң тарапынан қатаң қадағаланып, сәйкестендіру нөмірі берілді, ол ҰБДҚ (НОБД) базасында сақталады.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшаларында:

1) ЖЖОКБҰ атауы; 2) бітірушілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда); 3) білім беру бағдарламасының (мамандықтың) коды және атауы; 4) берілетін дәреже; 5) дәреже беру туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасының күні мен нөмір).  6) оқыту нысаны; 7) ЖЖОКБҰ басшысының қолы; 8) реттік тіркеу нөмірі; 9) берілген күнін және орны (қала); 10) ЖЖОКБҰ  мөрі болады.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда институционалдық аккредиттеу бойынша аккредиттеу агенттігінің логотипі орналастырылды.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарға қосымшада білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу бойынша аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың әрбір түрі үшін серия мен реттік нөмірлеуді белгіледі.

Әр бітірушінің сәйкестендіру номерін белгілеу мақсатында QR –код берілді.