Баскетбол спорт үйірмесі
15.Жел.2020

  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің №6 оқу ғимаратында баскетболда спорттық үйірме жұмыс жасап келеді. Үйірмеге 1-4 курс аралығында студенттер қатысуда.

 

Баскетболдан спорттық үйірме 2016-жылдар бастап жұмыс жасап келеді. Оқу-жаттығу сабақтары 1-2 курс студенттері арасында өтеді.

Баскетбол үйірмесіне 200-ден астам студенттер қатысады. Оқу жаттығу сабақтарын аға оқытушы Т.А. Досмамбетов өткізеді. Студенттер арасында күзде және көктемде жарыстар өткізіледі. Қорқыт Ата құрамасы қалалық, обылыстық жарыстарда жүлделі бірінші орын алып жүр. Ұлттық студенттер баскетбол лигасының екі дүркін жүлде иегері.