Ғылым департаменті
09.Жел.2020

 

 

 

    

   Омаров Қали Әбдіұлы                                      департамент директоры

   Ғылыми дәрежесі                                            география ғылымдарының кандидаты

   Байланыс телефоны                                       8 (7242) 26-33 01

   Электрондық пошта                                       kaliom@mail.ru

 

 

 

 

ҒЫЛЫМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

1. Отандық ғылым мен өңірлік экономиканы дамыту басымдықтарына сәйкес университеттің ғылыми-инновациялық саясатының стратегиялық бағыттарын іске асыру;

2. Университет институттары, кафедралары және ғылыми құрылымдарының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметін дамыту;

3. Оқу процесінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белсенді пайдалану, білім алушыларды оларды орындауға тарту, ғылыми мектептер мен жоғары білікті ғылыми ұжымдарды қалыптастыру арқылы кадрлар даярлау сапасын арттыруға ықпал ету;

4. Университет базасында ғылыми-техникалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

5. Шетелдік жоғары оқу орындар және ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

 

 

ҒЫЛЫМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

1. Университеттің ғылыми құрылымдары мен ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми жобаларды, ҒЗТКЖ-ны орындауын жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру.

2. Ғылыми жобаларды орындауға, ҒЗЖ, ҒЗТКЖ жүргізуге ҚР БҒМ ҒК-мен, кәсіпорындармен және басқа да тиісті ұйымдармен орындалатын ғылыми зерттеулердің түрлері бойынша шарттар жасасу.

3. Жаңа ғылыми орталықтар, зертханалар және басқа да ғылыми құрылымдық бөлімшелер құру жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру.

4. Шетелдік және отандық ғылыми орталықтармен және жоғары оқу орындарымен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.

5. Тиімді ғылыми жобаларды, технологияларды, патенттерді коммерцияландыру жүйесін дамыту.

6. Диссертация тақырыптарын қарау және бекіту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және бақылау, ғылыми консультанттарды бекіту;

7. Халықаралық рецензияланатын басылымдарда ғылыми мақалалар жариялауға жәрдемдесу;

8. Шетелдік ғылыми тағылымдамаларды, PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу практикаларын өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру және үйлестіру.

9. ҒЗЖ нәтижелері бойынша ғылыми конференциялар, форумдар, симпозиумдар, семинарлар, көрмелер өткізу жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру.

10. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің хабаршысы "журналының шығарылуын, университет базасында өткізілген ПОҚ еңбектері мен конференция материалдарының жинағын шығаруға дайындығын бақылау.

11. Диссертациялық кеңестердің қызметін үйлестіру.