Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімі
11.Қар.2020


Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің басшысы  - педагогика ғылымдарының кандидаты Жарылғапова Дина Мұратқызы

ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімі академиялық саясат басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім университетте оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіруді қамтамасыз етеді. Бөлім тікелей академиялық саясат басқармасының бастығына бағынады.

Құрылымы

Бөлім басшысы: Жарылгапова Дина Муратовна

Бөлім бастығына келесідей тұлғалар бағынады:

Бас әдіскер – 2.  Фоменко Елена Вениаминовна, Сапарбаева Алма Бимурзаевна;

Практика меңгерушісі – 1. Конысбаева Кумисай Жеткербаевна;

Әдіскерлер – 3. Бержанова Ляззат Мергеновна, Жұмағұлова Айжан Қанибекқызы,Сагынбаева Жанар Ералханқызы, Бердимаганбетова Шынар Төреханқызы;

Инспекторлар -2.  Карамергенова Сауле Калдыбековна, Жаппарберген Сәуле  Бабабекқызы;

Бағдарламашы – 1. Кожабекова Алтынай;

Референт-хатшы – 1 Қаражанова Айнұр Қалмұханбетқызы.

Міндеттері

1. Білім берудің кредиттік оқыту технологиясы  бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  нормативтік  құжаттарына және университет ректоры бекіткен ішкі құжаттарына сәйкес оқу үдерісін  ұйымдастыру және оның орындалуына бақылауды іске асыру;

2. Білім қызметін жүргізу құқығына берілетін мемлекеттік лицензияға сәйкес университетте білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және басқару;

3. Білім беру қызметі сапасын арттыруға ықпал жасау. Ашық сабақтар кестесін жинақтау, өту барысын қадағалау;

4. Университеттің студенттер контингентінің қалыптасуы мен қозғалысына бақылау жасау;

5. Институттардағы оқу үдерісін ұйымдастыру сапасына зерттеулер жүргізу және құжаттамаларды нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін тексеру;

6. Білім беру формалары мен әдістемелерін даярлау және оларды одан әрі дамыту;

7. Институттарда туындаған жағдайды жақсарту үшін нәтижелілікті анықтау мен мүмкіндіктерді бағалау мақсатында сараптама жүргізу;

8. Оқуға қабылдау, шығару, қайта қабылдау, басқа ЖОО-ға, басқа ЖОО-дан ауыстыру, академиялық демалыс беру, тегін өзгерту, оқуды бітіргені туралы, курстан курсқа көшіру бұйрықтары бойынша және өтініштермен жұмыс жасап Платонус, Нобд, ЕСУВО базаларында контингент қозғалысын бақылау;

9. Профессор-оқытушылар құрамына сағаттық төлемақы жасау бойынша құжаттарын жинақтау;

10. ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай Қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

10. Cтуденттерді қабылдау аяқталған соң университеттің қабылдау комиссиясынан жеке іс қағаздарды алу және жүргізу;

11. Бұйрықтарға сәйкес студенттердің жеке іс қағаздарын құжаттамалық рәсімдеу және өзгертулер енгізу;

12. Басқа ЖОО-дан ауысып келген студенттердің құжаттарына жазбаша сұраныс рәсімдеу;

13. Басқа ЖОО-ға ауысып кеткен, сондай-ақ оқудан шығарылған студенттердің құжаттарын рәсімдеу және жөнелту;

14. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша мерзімдерін сақтай отырып жауап даярлау (дипломның телнұсқасын және білім алуды аяқтамағаны туралы анықтама толтыру);

15. Университетті бітірушілердің жеке іс қағаздарын тексеру, сақтау және университеттің  архивіне өткізу;

16. ҰҚК, қаржы полициясы мен басқа да ұйымдардың сұраныстарына жауаптарды қайтару;

17. Қатаң есептегі бланкілерді есепке алу және беру  жұмыстарын жүргізу;

18. Қатаң есептегі бланкілерге сұраныс дайындау (дипломдар, білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамалар, студенттік билеттер және оларды беру мен есепке алу);

19. Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімі университеттің оқу үдерісінің кестесіне сай кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің өтуін жоспарлайды, ұйымдастырады және қадағалайды.
20. Кәсіптік практикаларды өткізу үшін  шығарушы кафедраларға облыс, қала төңірегіндегі мекемелермен, өндіріс орындарымен меморандумдар,келісім-шарттар жасауға ықпал етеді.

21. Практикалардың барлық түрлерін ұйымдастыру, өткізу барысында практика жетекшілеріне жан жақты әдістемелік көмек көрсетеді.

22. Практика бойынша өткізілетін бағыт бағдар беру және қорытынды конференцияларына қатысады.

23. Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық бұйрық жобаларын дайындайды, соның ішінде студентердің оқу ақысына жеңілдік жасау бойынша бұйрық жобаларын дайындау.

24. Қызылорда облысы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес  АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының мәліметтері бойынша бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы жөнінде ақпаратты алып, мониторинг жұмыстарын жүргізу;

25. Институттар бойынша жұмыспен қамтылған және жұмыссыз жүрген түлектер туралы ақпарат жинақтау;

26. Университет мамандықтары бойынша нарықтағы сұранысқа мониторинг жасау;

27. Бітіруші түлектермен байланыс жасау, жұмыссыз жүрген түлектерді «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне» қатыстыру,  университетті бітіруші курс студенттеріне қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі түйіндемелерін жинақтау, университет сайтына орналастырылуын қадағалау;

28.2019-2020 оқу жылын  мамандықтар бойынша мемлекеттік грант және ауыл квотасы негізінде бітірген түлектердің жұмысқа орналасқандығы туралы қосымша мәлімет жинақтап «Қаржы»  орталығына есеп дайындау;

29.2020 оқу жылында Ауылдық квота шеңберінде және мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуын бітіретін студенттердің  мәліметтерін «Қаржы» АҚ «Жас мамандарды есепке алу» жүйесіне енгізу.

ҚЫЗМЕТІ

1.ҚР «Білім туралы» Заңы,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік    құжаттары және университет ректорының бұйрықтары негізінде университетте жалпы оқу үдерісінің ұйымдастырылуына жетекшілік етеді;

2.Оқу сабақтарының өткізілуіне, кафедралардағы атқарылатын іс-шараларға және де тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарына бақылау жасайды;

3.Сабақ кестесінің жасалуын және студенттердің сабаққа қатысуын Платонус, E-Univer бағдарламасы арқылы қадағалайды;

4.ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына жоғары оқу орнына кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды дайындайды;

5.Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша студенттер контингенті туралы 1-17 формадағы квартал сайынғы және жылдық есептерін дайындайды.

6.ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай Қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады. (Қорытынды аттестаттау төрағаларына ұсыныс жинақтайды, келісім, қатынас хаттар жібереді. Университет бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағалары мен құрамын бекітуге ұсынады. Қорытынды аттестаттау төрағаларының жұмыс кестесін дайындайды және Қорытынды аттестаттау жұмысының есептерін жинақтап, Қорытынды аттестаттау қорытындысын Ғылыми Кеңеске ұсынады);

7.Шығарылатын мамандықтар бойынша үш тілде біліктілік тізбесін дайындайды;

8.3-НК  үлгісі  бойынша  студенттер  контингентіне  есеп жүргізеді; Университеттің студенттер контингентінің қалыптасуы мен қозғалысына бақылау жасайды (ЕСУВО- Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесі мен ҰБДК-НОБД «Ұлттық білімдік деректер қоры»  ақпараттық жүйесіндегі студенттер контингентін сәйкестендіру жұмыстарын жүргізеді);

9. Мемлекеттік білім гранттары, жоғары оқу орындарында оқу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім гранттары негізінде білім алатын студенттердің контингентіне бақылау жүргізеді.

10.ҚР Президенті белгілеген стипендиясына, ҚР Елбасы Қорының стипендиясына құжаттар дайындайды;

11.Оқу үдерісінің кестесіне сәйкес білім гранты негізінде білім алатын білім алушылардың емтихан сессияларының қорытындысы бойынша мемлекеттік стипендияны тағайындау мерзімдерін анықтайды.

12.ҚР БжҒМ-не білім беру гранттары бойынша бос орындарға орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды дайындау;

13.Республикалық олимпиадаларды өткізу жұмыстарын ұйымдастырады (бұйрық жобалары мен қатынас хаттарын дайындайды);

14.Оқу ақысына жеңілдік беру бойынша бұйрық жобаларын дайындайды;

15.ҚР Білім және ғылым министрлігінің және басқа да уәкілетті органдардың  хаттарына жауаптар дайындайды;

16.Университетте оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты бұйрық және өкім жобаларын, студенттердің іссапар бұйрықтарының жобаларын  дайындайды;

17.Оқу үдерісін жетілдіруге байланысты іс-шаралар жоспарын жасайды, университетішілік ережелерін жасауға қатысады;

18.Оқытушылардың ай сайынғы оқу жүктемелерінің орындауын есепке алады, кафедралардың оқу жүктемелерін орындау жөніндегі ай сайынғы есептерін жинақтайды;

19.Профессор оқытушылар құрамының сағаттық төлемақы негізінде орындалған жүктемелерін есепке алу, ақы төлеу үшін есеп-қисап бөліміне өткізеді;

20.Оқу жылына университет бойынша дәрісханалар қорының реестрін дайындайды;

21.Институттар мен кафедралардың оқу-әдістемелік жұмыстарын талдау, тексеру комиссияларының құрамында жұмыс жасайды;

22.Эдвайзер-тәлімгер жұмыстарына бақылау жасайды.

23.Қысқы және жазғы емтихан кезінде қоғамдық комиссия мен аппеляциялық комиссия жұмыстарын ұйымдастырады;

24.Жазғы қосымша семестрді ұйымдастырады;

25.Студенттер контингентінің қозғалысы бойынша мәліметтерді уақтылы жасауға бақылау жүргізу;

26.Студенттердің жеке іс қағаздарын қабылдайды, тексереді, сақтайды;

27. «Платонус» бағдарламасына білім алушылардың бұйрықтары бойынша өзгертулер енгізу;

28.Студенттерге және олардың қозғалысына сандық және сапалық есеп жүргізу, ақпараттарды студенттер туралы мәліметтер базасына енгізу, студенттердің институттар бойынша базасында контингентінің уақтылы жаңартылуы мен толықтырылуын қадағалау жатады.

29.Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық бұйрық жобаларын дайындайды, соның ішінде студентердің оқу ақысына жеңілдік жасау бойынша бұйрық жобаларын дайындайды.

30. Университет мамандықтары бойынша жұмыс беруші мекемелер мен бос орындардың деректер қорын қалыптастырады;

31. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша түлектерге ақпараттық және кеңестік қолдау жасауды ұйымдастырады;

32. Жастарды жұмыспен қамту және университет  түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектесетін орталықтармен, жұмыс берушілердің бірлестіктерімен, түлектер ассоциациясымен, жастардың қоғамдық ұйымдарымен, білім беру ұйымдарымен және мекемелермен байланыста болады.

Байланыс телефоны: 8(7242) 27-09-96, 26-41-64.