Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті университеттің негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент университетте оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және жетілдіруді қамтамасыз етеді. Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің негізгі міндеттері:
• Халықаралық талаптарға сай жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда жоғары білім берудегі нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыру және оны үнемі жетілдіру, академиялық ұтқырлықты қалыптастыру.
• Университеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу және әдістемелік жұмыстарын үйлестіру.
• Оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жағынан білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету.
• Оқу қызметін сапалы басқару, ұйымдастыру үшін білім беру үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды, қазіргі заманғы оқу құралдарын енгізуге жағдай жасау.
• Профессор-оқытушылардың ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру, кәсіби шеберлігі мен біліктілігін көтеруді қамтамасыз ету.
• Университтегі оқу үдерісіне мониторинг жасау және жоспарлау.
Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті өз қызметін жүзеге асыруда төмендегі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады:
• ҚР Конституциясы;
• ҚР «Білім туралы» Заңы;
• ҚР Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің қаулылары, өкімдері;
• ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілері;
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары;
• ЖОО қызметін ұйымдастырудың типтік Ережелері:
• 9000 ИСО ГОСТ Р стандарттары;
• Университет басшылығының бұйрықтары мен өкімдері:
• Университет Жарғысы;
• Университеттің ішкі тәртіп Ережелері;
• Университеттің СМЖ құжаттары.
• Академиялық саясат басқармасы туралы Ережесі.
Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті құрамына төмендегі құрылымдық бөлімшелер кіреді:
• Білім беру бағдармаларын қалыптастыру және бақылау бөлімі;
• Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімі;
• Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі;
• Мамандар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімі;
• Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімі
• Студенттік бөлім.
Байланыс телефоны: 8(7242) 27-46-73