Кәсіпкерлік орталығы
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Кәсіпкерлік орталығы

Жанарыс.jpg

Тубекбаев Жанарыс Алтынбекұлы  
Орталық жетекшісі 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 2017 жылдың мамыр айында  «Бизнес-Старт» жастар кәсіпкерлік орталығы құрылды.

Бизнес-инкубатор  –  өз істерін бастауды қалайтын, бірақ оған мүмкіндігі жоқ жас кәсіпкерлерді қолдау және коммерциялық тұрғыда тиімді өнім алу мен нәтижелі өндіріс құруда көмек көрсету мақсатында құрылған ұйым. Әлемдік практикада  жеткілікті түрде кең таралған орталықтар көптеген елдерде жұмыс жасайды. Мұндай мекемелер алғаш рет 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында АҚШ мен Ұлыбританияда ашылған. Олар табысты түрде жаңа жобалар мен стартаптарды жетілдіреді.

«Стартап» термині бизнес-инкубатормен ұдайы бірге жүретін термин.  Стартап немесе старт-компания ағылшыннан аударғанда «бастау» деген мағынаны береді және қазіргі уақытта енді пайда болған немесе құрылуы жоспарларған жаңа жобаны білдіреді. Бұл термин IT саласында және ғаламтор-жобаларының саласында жиі қолданылады.

Университет қабырғасында кәсіпкерлікті дәріптеу мен дамыту бағыты бойынша «Startup Bolashak. Menin armanym» жобасы, «Zhas project» бағдарламасы, «HackDay» және «Smart city Kyzylorda» хакатондары және тағы да басқа шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыс көлеміндегі «Smart city Hackathon», «PechaKucha Night Kyzylorda», «Startup roadshow», «Enactus Kazakhstan roadshow», «Startup Talapker incubation», «Innofest» облыстық инновациялық жобалар фестивалі», «SLL  workshop», «SocInn startup», «NoCodeDay», «Open Speech Kyzylorda» бағдарламалары мен іс-шаралары өткізілді. Қазіргі таңда бизнес-инкубатор өз жұмысын қарқынды жүргізуде.

«Бизнес − инкубатор» студенттерге қалай көмектеседі?
- Студенттік бизнес-жобалардың бастамашыларына бизнес-идеяға стратегиялық талдау жасауда көмек көрсетеді;
- Бизнес-жоспарды қалай құру жөнінде кеңес беріп, оған баға береді;
- Қаржы ресурстарын іздестіруге және тартуға ақпараттық түрде жәрдемдесетін болады;
- Сіздің жаңа бизнесіңізге маркетингтік қолдау көрсетеді;
- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студенттердің қатысуымен құрылған шағын бизнес субъектілерін қалыптастыру кезеңінде кеңсемен қамтамасыз етеді.

Құрылымы
Тубекбаев Жанарыс Алтынбекұлы - Орталық жетекшісі
Абжанов Темірлан Нұрланұлы - бас менеджер
Сәрсенбек Дидар Әділханұлы - контент-менеджері
Тәжібай Әлия Жанабілқызы - PR менеджері

 

Instagram: business.qorqyt 
Байланыс телефоны: 8-705-729-12-07
e-mail: tubekbaefff@gmail.ru 
Мекен-жайы: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің №2 оқу ғимараты. Ы.Жақаев көшесі 55, 305 – кабинет

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...