Кадрлар бөлімі
19.Там.2020

Кадрлар бөлімінің бастығы – Жүсіпбаева Құндызай Құрбанқызы.

Кадрлар бөлімінің инспекторлары – Байкенжеева Арай Жолдасбайқызы, Қалмаханбетова Гүлмереке Қалдыбекқызы, Наурызбаева Раушан Абдулдақызы, Жолаева Мадина Бекмолдақызы, бөлімнің бағдарламашысы – Тоқтыбаева Жәмила Мәуленқызы.


Кадрлар бөлімінің негізгі міндеттері болып табылады:

- университет штатын қажетті кәсіптер, мамандықтар мен біліктіліктегі қызметкерлермен толықтыру;
- университететте кадрларды іріктеп, орналастыру;
- кадрлар бөлімінің жұмысын жетілдіруге бағытталған процестерді басқару және жағдайды болжау;
- кадрларды оқыту, даярлау және біліктіліктерін жоғарылатуға қатысты жұмыстарды ұйымдастырып, өткізу;
- университеттің білім беру қызметін қамтамасыз ету мақсатында басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылдарды ұйымдастыру;
- кадрларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру;
- университетте кадрларды есепке алу жүргізу;
- кадрлық резерв жасау.

Кадрлар бөлімінің атқаратын міндеттеріне жатады:

- Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және шығару, оларды дұрыс пайдалану, кадрларды қабылдау мен қозғалысын рәсімдеу;
-жеке құрамды есепке алу, кадрлар бойынша белгіленген құжаттарды жүргізу және сақтау: қызметкердің кәзіргі және бұрыңғы еңбек қызметі туралы анықтамалар беру, сондай-ақ ведомстволық және мемлекеттік мараптаттарға және көтермелеуге ұсыну үшін материалдар дайындау;
- бос қызмет орындарына орналасуға және ұсынуға арналған резерв жасау үшін кадрларды іріктеу мақсатында университет қызметкерлерінің құрамын, іскерлік және кәсіби қасиеттерін талдау;
- аттестаттау және біліктілік комиссияларының жұмысына қатысу;
- қызметкерлермен еңбек және шұғыл еңбек келісімшарттарын жасау, еңбек және шұғыл еңбек келісімшарттардың құпиялығы мен сақталуын қамтамасыз ету;
- университет қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын сақтауды қамтамасыз ету;
- кадрлардың тұрақтамау себептерін талдау, оларды болдырмау шараларын жасау;
- университет қызметкерлерін жұмыстан шығару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалығын қадағалау;
- университет кафедралары мен бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жағдайына бақылау ұйымдастыру және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау;
- кадрлық мәселе бойынша белгіленген есептілікті дер кезінде ұсыну.
Бөлімде автоматтандырылған кадрлық қызмет жүйесі бойынша жұмыс жолға қойылған:
жұмыс барысында үш бағдарлама қолданылады: «Сұраныс», АРМ-құжатайналымы, АРМ-кадрлар – персонал мен кадрлық жұмыс туралы мәліметтер базасы, онда қызметкерлердің 8 тұғыр бойынша мәліметтері көзделген (жеке деректері, білімі туралы мәліметтер, жұмысы туралы мәліметтер, еңбек демалыстары, отбасылық жағдайы, көтермелеу, шара қолдану, марапаттар, іссапарлар, кадрлық ауыстырулар туралы мәліметтер), оларда 137 функция қамтылған. Енгізілген мәліметтер арқылы университет, факультет, кафедралар мен бөлімшелер бойынша сұраныс түрінде ақпараттар алуға болады. Бөлімде МС-ИСО-9001-2011 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес әзірленіп, университет басшысы бекіткен университеттің бөлімдері мен бөлімшелері туралы ережелер, қызметкерлердің қызметтік міндеттері бар.

Байланыс деректері:
тел.: 8(7242) 27-86-28
Мекен жайы: Әйтеке би, 29А
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Template Settings

Color

For each color, the params below will be given default values
Blue Dark_Blue Cyan Purple Green Tomato Yellow

Body

Background Color
Text Color

Spotlight10

Background Color

Footer

Note: Layout Contact-Us is applied only for menu Contact Us and menu About Us.
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
Direction