Студенттер сарайы
19.Там.2020


Студенттер сарайының директоры 
Асанбаев Нұрлыбек Балтабайұлы

 

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайының іргетасы 1971 жылы қаланған. Алғашында Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық институттың акт залы есебінде пайдаланылып, кейін сахналық қондырғылар орнатылып, кинофильмдер көрсетілген мәдени ошақ.
2001-2002 жылдары бұл ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Заман талабына сай жабдықталған үлкен мәдени орталықта 460 орындық көрермен залы, 100 адамға шақталған фойе залы, әуен студиясы т.б. бар. Бүгінде заманауи үлгіде жабдықталған нысанда оннан аса қызметкерлер жұмыс жасайды.
Студенттер сарайы Қызылорда облысындағы үлкен мәдени орталықтардың біріне айналды. Ғимаратта түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылумен қатар республикаға танымал өнер адамдарының кештері өткізіледі. Ең бастысы жастардың мәдени өмірін жандандыру үшін Студенттер сарайында бар жағдай жасалған. Жыл сайын жалауын көтеретін «Студенттік көктем» фестивалі, «КТК» ойындары тұрақты түрде өткізіледі. Сондай-ақ, аталмыш мәдени ошақта студенттердің шеберлігін шыңдау және театр өнеріне баулу мақсатында 2010 жылдың 10 сәуірінде Қызылорда облыстық әкімдігі, облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығы, «Игілік» корпоративтік қорының қаржылық қолдауымен үш жақты келісім аясында «Жауқазын» студенттер театры құрылды. Театр бүгінде Р.Мұқанованың «Қыз жылаған», К.Рахмановтың «Келін», «Ол жалғыз – біз екеуміз» пьесаларымен көпшілікке танылды.
Сонымен бірге университеттің профессор-оқытушыларынан құралған «Коркыт. кz» вокалды аспаптар ансамблі жұмыс жасайды. Ансамбль репертуарында Қазақстан композиторларының «Ана туралы баллада», «Елім менің», «Шофер әні» сияқты шығармалары бар.

 

 

 

Мекен жайымыз:
Жақаева көшесі 75

Tел: 27 67 74

Template Settings

Color

For each color, the params below will be given default values
Blue Dark_Blue Cyan Purple Green Tomato Yellow

Body

Background Color
Text Color

Spotlight10

Background Color

Footer

Note: Layout Contact-Us is applied only for menu Contact Us and menu About Us.
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
Direction