Ғылыми-техникалық кітапхана
19.Там.2020

Ғылыми-техникалық кітапхана директоры м.а. – Сатбаева Г.
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Тел: 27-49-17

Ғылыми-техникалық кітапхана миссиясы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы үш үлкен (гуманитарлық университет, политехникалық институт, облыстық ғылыми-техникалық) кітапханаларының қоры негізінде құрылып, алдындағылардың дәстүрін сақтай отырып, Қызылорда облысы кітапханалар бірлестігінің әдістемелік орталығы мәртебесін қолдауға тырысады.
Кітапхана ұжымының кәсіби басымдығы - озық ақпараттық қызметтерді ұсына отырып, Университеттің одан әрі ғылыми-техникалық дамуына қажетті ғылыми және білім беру ресурстарының қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттер
1. Жеке пайдаланушылардың білім мен ғылымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын зманауи ақпараттық өнімдерді, қызметтерді жасау және ұсыну.
Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, оқытушылардың ақпараттық мәдениетін жетілдіру, ақпараттық құзыреттілігін дамыту.
2. Университет факультеттері мен ғылыми-зерттеу бөлімдерімен байланысты нығайта отырып, кітапхана және ақпараттық ресурстарды қалыптастыру.
Университеттің оқу және ғылыми қызметі үшін кітапхананы ресурстық орталық ретінде дамыту.
3. Қалпына келтіру және алдын алу сияқты кешенді іс-шараларды қолданып, қолда бар кітапхана қорын, электронды құжаттарды сақтау.
4. Қызметтің барлық түрлерін жетілдіру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік (талдау, ұйымдастыру, кеңес беру) жұмыс жүргізу.
Университет бөлімдерімен шығармашылық және сындарлы қарым-қатынас ұйымдастыру.
5. Кітапхана дамуын қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы талаптарға және кәсіби стандарттарға сәйкес кітапхана мамандарын оқыту арқылы кәсіби деңгейлерін көтеру. 6. Қызметкерлер мен оқырмандар үшін қолайлы жағдай жасау.
Кітапханада екі миллионнан астам қор бар. Олар: кітап қоры, мерзімді басылымдар, техникалық құжаттардың арнайы түрлері (патенттер, ГОСТтар, өнеркәсіп каталогтары т.б.) Кітап қоймасында ағылшын тілі мен сирек кездесетін кітаптар қорларының орны ерекше.
Ғылыми-техникалық кітапхана, өзінің бай ақпараттық әлеуетін оқырмандардың барынша пайдалануына жағдай жасайды. Осы мақсатта, кітапхана бөлімдерінде үлкен ақпараттық жұмыстар жүргізіледі:

 

Template Settings

Color

For each color, the params below will be given default values
Blue Dark_Blue Cyan Purple Green Tomato Yellow

Body

Background Color
Text Color

Spotlight10

Background Color

Footer

Note: Layout Contact-Us is applied only for menu Contact Us and menu About Us.
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
Direction