Ғылыми кеңес

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі кеңестік-мәжілістік орган болып табылады. Университет Ғылыми кеңесінің қызметі жариялылық пен өз құзырындағы мәселелерді ұжымдық талқылау қағидаларына сүйенеді.
Мақсаты – университеттің даму стратегиясын табысты жүзеге асыру мақсатында ғылыми бағыттағы маңызды сұрақтарды қарастыру, алқалы шешім шығару.
Ғылыми кеңес төрағасы – университет ректоры, филология ғылымдарының кандидаты Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Ғалым-хатшы – PhD доктор Жолмаханова Ақерке Болатқызы.
Ғылыми кеңес университет ректорының бұйрығымен құрылады.
Университет Ғылыми кеңесінің құрамына ректор, проректорлар, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар, университеттің студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіре алады.
Университет Ғылыми кеңесінің құрамы университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Ректор университет Ғылыми кеңесінің төрағасы болып табылады. Төраға болмаған жағдайда төраға орынбасары оның міндеттерін атқарады.
Университет Ғылыми кеңесінің жұмысын ғалым-хатшы қамтамасыз етеді.
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- университеттің дамуына ықпал ету;
- қазіргі заманғы талапқа сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында университет басшылығының, оқытушы-профессорлар құрамының, әкімшілік басқару қызметкерлерінің және оқу-көмекші қызметкерлердің күшін біріктіру;
- білім беру бағдарламалары мен университеттің даму стратегиясын табысты жүзеге асыру;
- университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту және қаржылық қолдау жасауды қамтамасыз ету;
- ғылыми зерттеулерді дамыту және т.б.
Университет Ғылыми кеңесінің құзіреті:
- университет Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізеді;
- университеттің даму стратегиясы мен тұжырымдамасын анықтайды;
- университет құрылымдық бөлімшелерін (зертхана, кафедра, инситут, факультет және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
- университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
- университет ректорының, проректорларының, институт директорларының, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің жыл сайынғы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие, халықаралық, қаржы-шаруашылық пен әкімшілік қызметі туралы есептерін тыңдайды:
- университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастырады;
- бюджеттен тыс қаржыны қолдану тәртібін, сондай-ақ ақылы білім беру қызметін көрсету мен шығарылатын өнімді сату арқылы алынатын табыстарды қайта инвестициялау бағыттарын анықтайды;
- жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, оқыту мерзімдері мен формаларын анықтайды,
- оқытудың барлық сапасы мен формаларының оқу жоспарларын бекітеді;
- «Қазақстан тарихы» және қорытынды аттестаттау пәндері бойынша қорытынды аттестаттау төрағаларын бекітеді;
- оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендерді шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды;
- жаңа оқу жылының оқу ақысын (бакалавриат, магистратура, докторантура және дайындық бөлімі) бекіту.
- студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды;
- университет қызметкерлері мен студенттерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін қарастырады;
- ҚР Президенті бекіткен шәкіртақылар мен атаулы шәкіртақыларды тағайындау жөніндегі шешімдерді қабылдайды;
- қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атағын тағайындауға ұсынады;
- университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға, құрметті атақтарға ұсыну жөніндегі мәселелерді қарастырады;
- отандық және алыс-жақын шетелдің көрнекті ғалымдарына, қоғамдық-саяси және мемлекет қайраткерлеріне, университет оқытушыларына «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Құрметті профессоры», «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Құрметті докторы» атақтарын беру шешімдерін қабылдайды;
- алқалық шешімді қажет ететін университет қызметінің басқа да мәселелерін қарастырады.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Ғылыми кеңес туралы Ереже
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Ғылыми кеңес құрамы
Ғылыми атақтар беру ережесі (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор)

JoomShaper
Виртуальный ассистент