Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып-алулар бөлімі

 Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімі университет қызметін құқықтық қамтамасыз етуді, сонымен қатар университеттегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын әкімшілік-құрылымдық бөлім. 

Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бастығы: Ильясова Самал Мырзамуратовна 

E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

заң кеңесшісі-Калыбаев Еркебулан Ерболатулы
заң кеңесшісі-Абдреев Азамат Максутович

Бөлімнің міндеттері: 

- университеттің мүліктік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 

- университетте қабылданатын ішкі құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету; 

- университеттің шарттық қатынастарын рәсімдеу; 

- университеттің мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметін ұйымдастыру.  

Бөлімнің негізгі қызметі:  

-          университетте қолданылатын ішкі құжаттарға өзгерістер енгізу немесе күшін жою туралы ұсыныс дайындау; 

-          университеттің құрылтай құжаттары мен басқа да құқық туындататын құжаттарын рәсімдеу және қарау бойынша жұмыстар жүргізу; 

-          Университет ректоры мен проректорларына қол қоюға ұсынылатын бұйрық жобалары, нұсқау, ережелер және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың, сондай-ақ азаматтық құқықтық шарттардың заңдарға сәйкестігін тексеру; 

-          Университет қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша кеңес, ұүұыұтық қорытындылар береді; 

-          Университет қызметкерлерін қолданыстағы заңнама туралы хабардар етеді, оларды қолдану тәжірибесін түсіндіреді; 

-          Университет қызметін жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық құжаттарды іздестіреді және жинақтайды; 

-          Өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік құпия болып саналатын мәліметтер мен басқа да таратылымы шектеулі мәліметтердің қорғаулын қамтамасыз етеді; 

-          Белгіленген тәртіп бойынша университет қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту құжаттарын рәсімдейді; 

-          Университет атынан берілетін сенімхаттардың жобасын дайындайды және берілген сенімхаттардың көшірмесін сақтайды; 

-          Университеттің меншігін сақтау, еңбек және қаржылық тәртіптін сақталуы және шарттық қатынастарды нығайту  бойынша іс шараларды өткізуге қатысады; 

-          Жалпы және арнайы юрисдикциядағы сот істері бойынша талаптарды қарау нәтижелерін жинақтайды, оларға талдау жүргізеді, соңымен қатар анықталған кемшіліктерді болдырмау және университеттің қаржы-шаруашылық қызметін жетілдіру мақсатында шарттарға отыру және оларды орындау тәжірибесін зерттейді; 

-          Қаржылық және өңдірістік жоспарларды, контрагенттермен орнатылған қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып, шарттық қатынастардың түрлерін белгілеу; 

-          Контрагенттердің ұсыныстарына университет толық немесе ішінара келіспеген жағдайда пайда болған қарамақайшылықтарды сотқа дейін реттеу; 

-          Контрагенттерден түскен келіспеушілік хаттамаларын қарау; 

-          Университеттің контрагенттерге қойылған талаптарын дайындау және рәсімдеу, оларды танысу үшін басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберу, орындалуын есепке алу; 

-          Университет қойған талаптарды орындаудан бас тартуға байланысты контрагенттерден дәлелдемелерді алу; 

-          Университетке түскен талаптарды қарау, оларға жауап жобаларын дайындау; 

-          Сотқа берілетін талап арыздар мен олар бойынша материалдар дайындау; 

-          Сот органдарымен университетке жолданған талап арыздарды зерттеу; 

-          Әрбір талап арыз өндірісі бойынша іскерлік құжаттама жүргізу; 

-          Қарсы талап арыздарды дайындау, талап арыздарды ерікті қанағаттандыру шешімін дайындау, бітімгершілік  келісімге отыру бойынша ұсыныстар жасау; 

-          Құқықтық мәселелерді қарау кезінде белгіленген тәртіппен сотта, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарында Университет мүддесін  қорғау; 

-          Мемлекеттік сатып алулар бойынша сатып алу ісін ұйымдастыру және жүргізу; 

-          Мемлекеттік сатып алудың әлеуетті өнім берушісін жосықсыз қатысушы деп тану бойынша сотқа талап арыз ұсыну. 

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 26-38-34

 

JoomShaper
Виртуальный ассистент