Ректордың әкімшілік-құқықтық жұмыстар жөніндегі кеңесшісі

 

Басығараев Нұрмантай Аскарұлы

Әкімшілік-құқықтық жұмыстар жөніндегі кеңесші

Ректордың кеңесшісі міндетті:

2.1. Казақстан Республикасы Заңдарының талаптарын университеттің құрылымдық бөлімшелері орындалуын қамтамасыз етуге.

2.2. Университеттің сеніп тапсырылған нысандарының сақталуы мен қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысуға және басшылық жасауға.

2.3. Қаржылық қауіпсіздік мониторингісі жүйесін әзірлеуге.

2.4. Университеттің активтері мен пассивтерін басқару және оңтайландыруға бақылау жүргізуге.

2.5. Қаржылық қауіпсіздік критерийлеріне баға беруге және ақпараттарды университет ректорына дейін жеткізуге.

2.6. Университеттің ішкі және сыртқы қаржылық қауіпсіздігін анықтау және болжам жасау үшін мониторинг жүргізуге.

2.7. Іс-қағаздарын жүргізу режимін бақылауға және университеттің материалдары мен ақпараттарына рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін болдырмауға.

2.8. Университеттің тауарлы-материалдық құндылықтары мен қаржылық ресурстарына қол сұғылмаушылықты ұйымдастыруға және бақылауға.

2.9. Университеттің оқу ғимараттарында, жатақханаларында қызметкерлердің, студенттер мен келушілердің қауіпсіздік режимінің талаптарын орындауына және ішкі еңбек тәртібі мен тәртіпті қадағалауына бақылау жүргізуге.

2.10.  Университеттің қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі нормативті-құқықтық құжаттарды (нұсқаулықтар, нормалар, ережелер) қызметкерлердің орындалуын бақылауға.

2.11. Университеттің құжаттамаларын, материалдары мен құндылықтарынжою-жоғалту, мәліметтерді тарату және қауіпсіздік ережелерін басқа да бұзу фактілері бойынша қызметтік зерттеуге қатысуға.

2.12. Университеттің ішкі тәртібін бұзуларды есепке алып, талдау жасап, хаттамалау жүргізуге, сондай-ақ бұзушылық фактілері бойынша құжаттамаларды тиісті түрде сақтауға.

2.13.  Университет нысандарын күзетуге, сондай-ақ нысандарды заңсыз кіруден қорғауға бақылау жүргізуге.

2.14. Әкімшілік-құқықтық мәселелерге қатысты басқа да тапсырмаларды жүргізуге.

JoomShaper
Виртуальный ассистент