Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімі

 

 

ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - педагогика ғылымдарының кандидаты Жарылгапова Дина Мұратқызы.

ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ 

Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімі университеттің академиялық саясат басқармасының  құрылымдық  бөлімі болып табылады. Оқу үдерісін  ұйымдастыру  бөліміне академиялық саясат басқармасының басшысы тікелей басшылық жасайды. 

ҚҰРЫЛЫМЫ 

Бөлім басшысы: Жарылгапова Дина Муратовна 

Бөлім бастығына келесідей тұлғалар бағынады: 

Бас әдіскер – 2.  Фоменко Елена Вениаминовна, Сапарбаева Алма Бимурзаевна; 

Практика меңгерушісі – 1. Конысбаева Кумисай Жеткербаевна; 

Әдіскерлер – 3. Бержанова Ляззат Мергеновна, Сагынбаева Жанар Ералханқызы, Бердимаганбетова Шынар Төреханқызы; 

Инспекторлар -2.  Карамергенова Сауле Калдыбековна, Жаппарберген Сәуле  Бабабекқызы; 

Бағдарламашы – 1. Кожабекова Алтынай; 

Референт-хатшы – 1 Қаражанова Айнұр Қалмұханбетқызы.  

БӨЛІМ МІНДЕТТЕРІ 

            1. Білім берудің кредиттік оқыту технологиясы  бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  нормативтік  құжаттарына және университет ректоры бекіткен ішкі құжаттарына сәйкес оқу үдерісін  ұйымдастыру және оның орындалуына бақылауды іске асыру; 

             2. Білім қызметін жүргізу құқығына берілетін мемлекеттік лицензияға сәйкес университетте білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және басқару; 

            3. Білім беру қызметі сапасын арттыруға ықпал жасау. Ашық сабақтар кестесін жинақтау, өту барысын қадағалау; 

            4. Университеттің студенттер контингентінің қалыптасуы мен қозғалысына бақылау жасау; 

            5. Институттардағы оқу үдерісін ұйымдастыру сапасына зерттеулер жүргізу және құжаттамаларды нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін тексеру; 

            6. Білім беру формалары мен әдістемелерін даярлау және оларды одан әрі дамыту; 

            7. Жағдайды жақсарту үшін нәтижелілікті анықтау мен мүмкіндіктерді бағалау мақсатында сараптама жүргізу; 

            8. Оқуға қабылдау, шығару, қайта қабылдау, басқа ЖОО-ға, басқа ЖОО-дан ауыстыру, академиялық демалыс беру, тегін өзгерту, оқуды бітіргені туралы, курстан курсқа көшіру және оқу ақысына төлем жасау бұйрықтары бойынша ұйғарымдар және өтініштермен жұмыс жасау; 

           9. Cтуденттерді қабылдау аяқталған соң университеттің қабылдау комиссиясынан жеке іс қағаздарды алу және жүргізу; 

          10. Бұйрықтарға сәйкес студенттердің жеке іс қағаздарын құжаттамалық рәсімдеу және өзгертулер енгізу; 

          11. Басқа ЖОО-дан ауысып келген студенттердің құжаттарына жазбаша сұраныс рәсімдеу;

           12. Басқа ЖОО-ға ауысып кеткен, сондай-ақ оқудан шығарылған студенттердің құжаттарын рәсімдеу және жөнелту; 

          13. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша мерзімдерін сақтай отырып жауап даярлау (дипломның телнұсқасын және білім алуды аяқтамағаны туралы анықтама толтыру); 

          14. Университетті бітірушілердің жеке іс қағаздарын тексеру, сақтау және университеттің  архивіне өткізу;

           15. ҰҚК, қаржы полициясы мен басқа да ұйымдардың сұраныстарына жауаптарды қайтару; 

          16. Қатаң есептегі бланкілерді есепке алу және беру  жұмыстарын жүргізу; 

          17. Қатаң есептегі бланкілерге сұраныс дайындау (дипломдар, білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамалар, студенттік билеттер және оларды беру мен есепке алу); 

          18. Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімі университеттің оқу үдерісінің кестесіне сай кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің өтуін жоспарлайды,ұйымдастырады және қадағалайды.
          19. Кәсіптік практикаларды өткізу үшін  шығарушы кафедраларға облыс, қала төңірегіндегі мекемелермен, өндіріс орындарымен меморандумдар,келісім-шарттар жасауға ықпал етеді. 

         20. Практикалардың барлық түрлерін ұйымдастыру, өткізу барысында практика жетекшілеріне жан жақты әдістемелік көмек көрсетеді. 

         21. Практика бойынша өткізілетін бағыт бағдар беру және қорытынды конференцияларына қатысады. 

БӨЛІМНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ 

  1. ҚР «Білім туралы» Заңы,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттары және университет ректорының бұйрықтары негізінде университетте жалпы оқу үдерісінің ұйымдастырылуына жетекшілік етеді;
  2. Оқу сабақтарының өткізілуіне, кафедралардағы атқарылатын іс-шараларға және де тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарына бақылау жасайды;
  3. Сабақ кестесінің жасалуын және студенттердің сабаққа қатысуын E-Univer бағдарламасы арқылы қадағалайды;
  4. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына жоғары оқу орнына кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды дайындау;
  5. Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша студенттер контингенті туралы 1-17 формадағы квартал сайынғы және жылдық есептерін дайындау.
  6. ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады. (МАК төрағаларына ұсыныс жинақтайды, келісім, қатынас хаттар жібереді. Университет бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағалары мен құрамын бекіту ұсынады. МАК төрағаларының жұмыс кестесінің дайындайды және МАК жұмысы есептерін жинақтап, МАК қорытындысын Ғылыми Кеңеске ұсынады);
  7. Шығарылатын мамандықтар бойынша үш тілде біліктілік тізбесін дайындайды;
  8. 3-НК  үлгісі  бойынша  студенттер  контингентіне  есеп жүргізеді; Университеттің студенттер контингентінің қалыптасуы мен қозғалысына бақылау жасайды (ЕСУВО- Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесі мен ҰБДК-НОБД «Ұлттық білімдік деректер қоры»  ақпараттық жүйесіндегі студенттер контингентін сәйкестендіру жұмыстарын жүргізеді);
  9. Мемлекеттік білім гранттары, жоғары оқу орындарында оқу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім гранттары негізінде білім алатын студенттердің контингентіне бақылау жүргізеді.
  10. ҚР Президенті белгілеген стипендиясына, ҚР Елбасы Қорының стипендиясына құжаттар дайындайды;
  11. Оқу үдерісінің кестесіне сәйкес білім гранты негізінде білім алатын білім алушылардың емтихан сессияларының қорытындысы бойынша мемлекеттік стипендияны тағайындау мерзімдерін анықтайды.
  12. ҚР БжҒМ-не білім беру гранттары бойынша бос орындарға орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды дайындау;
  13. Республикалық олимпиадаларды өткізу жұмыстарын ұйымдастырады (бұйрық жобалары мен қатынас хаттарын дайындайды);
  14. Оқу ақысына жеңілдік беру бойынша бұйрық жобаларын дайындайды;
  15. ҚР Білім және ғылым министрлігінің және басқа да уәкілетті органдардың  хаттарына жауаптар дайындайды;
  16. Университетте оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты бұйрық және өкім жобаларын, студенттердің іссапар бұйрықтарының жобаларын  дайындайды;
  17.  Оқу үдерісін жетілдіруге байланысты іс-шаралар жоспарын жасайды, университетішілік ережелерін жасауға қатысады;
  18.  Оқытушылардың ай сайынғы оқу жүктемелерінің орындауын есепке алады, кафедралардың оқу жүктемелерін орындау жөніндегі ай сайынғы есептерін жинақтайды;
  19. Профессор оқытушылар құрамының сағаттық төлемақы негізінде орындалған жүктемелерін есепке алу, ақы төлеу үшін есеп-қисап бөліміне өткізу;
  20.  Оқу жылына университет бойынша дәрісханалар қорының реестрін дайындайды;
  21. Институттар мен кафедралардың оқу-әдістемелік жұмыстарын талдау, тексеру комиссияларының құрамында жұмыс жасайды;
  22. Апта сайын өткізілетін аппарат мәжілісін жоспарлайды, ақпарат жинақтайды, өткізеді.
  23. Эдвайзер-тәлімгер жұмыстарына бақылау жасап, табелдерін есеп-қисап бөліміне өткізеді;
  24. Қысқы және жазғы емтихан кезінде қоғамдық комиссия мен аппеляциялық комиссия жұмыстарын ұйымдастырады;
  25. Жазғы қосымша семестрді ұйымдастырады;
  26.  Студенттер контингентінің қозғалысы бойынша мәліметтерді уақтылы жасауға бақылау жүргізу;
  27. Студенттердің жеке іс қағаздарын қабылдау, тексеру, сақтау; 

     28. «Платонус» бағдарламасына білім алушылардың бұйрықтары бойынша өзгертулер енгізу; 

     29. Студенттерге және олардың қозғалысына сандық және сапалық есеп жүргізу, ақпараттарды студенттер туралы мәліметтер базасына енгізу, студенттердің институттар бойынша базасында контингентінің уақтылы жаңартылуы мен толықтырылуын қадағалау жатады.

 

 

Байланыс телефондары: 8(7242) 27-09-96, 26-41-64.

 

JoomShaper
Виртуальный ассистент