«МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
18.Қыр.2020

Экономика және құқық институты Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасы Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушыларының ұйымдастыруымен «Zoom» платформасында «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: студенттердің таңдаған мамандығының ерекшеліктері жайлы қызықты мағлұмат беру.
Онлайн шара топ эдвайзерлері Г.Б.Абдишова мен В.В.Кимнің құттықтау сөзімен басталды. Тәрбие сағаты бірнеше бөлімнен тұрды. Онлайн басқосу аясында Гму-201 п/я оқу тобы студенттері Бородина Арина мен Дайрабай Анель авторлық өлеңдерін көпшілік назарына ұсынса, «Дидактика әдісімен суреттеу» бөлімінде студенттер белгілі бір фотосуреттерді таңдап алып,өз таңдаған мамандықтары бойынша болашақтағы жұмыс орындарын сөзбен суреттеді. Тәрбие сағаты ГМУ-20-3 оқу тобының студенті Жалғас Сәкеннің «Ұлы дала» әнімен қорытындыланды.

Template Settings

Color

For each color, the params below will be given default values
Blue Dark_Blue Cyan Purple Green Tomato Yellow

Body

Background Color
Text Color

Spotlight10

Background Color

Footer

Note: Layout Contact-Us is applied only for menu Contact Us and menu About Us.
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
Direction