БІЛІМ АЛУШЫЛАР ЖЫЛЫЖАЙДА ҚИЯР, ҚЫЗАНАҚ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17.Қыр.2020

Жылыжай жүйесін дамыту арқылы экологиялық таза көкөністерді өсіру бойынша дақылдарды егу, жабық топырақта көкөніс өнімдерін жыл бойы шығаруды қамтамасыз ету үшін студенттерге бағыт-бағдар беру және фундаментальді білім беру университет оқытушыларының басты мақсаты.
Осы ретте «Өсімдік шаруашылығы» білім бағдарламасы бойынша Агр-19-1оқу тобының студенттері: Әмір Дарын, Мүсірәлі Аружан, Елеусіз Динара Ерғали Назгүл университеттің жылыжайында қызанақ, қияр дақылдары көшеттерін отырғызды.
Қыркүйектің ортасында топырақсыз субстратта өсіріліп, қорегін тамшылату арқылы алатын қияр қараша айынан бастап өнім береді. Болашақ мамандар жабық жерде өсірілетін көкөніс дақылдарының биологиялық ерекшеліктерімен танысып, жылыжайды егіске дайындады.
Жылыжай меңгерушісі Дямуршаева Галина Евгеньевнаның дақылдардың өсуіне жағдай жасап, су, ауа, және қорек режимдерін реттеп, күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Ал Инженерлі-технологиялық институтына қарасты «Аграрлық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары а.-ш.ғ.кандидаттары Б.Қ.Байжанова және Р.Д.Нурымова студенттерге халықты витаминді көкөніспен қамтамасыз етуде жылыжай шаруашылығының артықшылығына тоқталды.

 

Template Settings

Color

For each color, the params below will be given default values
Blue Dark_Blue Cyan Purple Green Tomato Yellow

Body

Background Color
Text Color

Spotlight10

Background Color

Footer

Note: Layout Contact-Us is applied only for menu Contact Us and menu About Us.
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
Direction