Жатақханаға орналасу тәртібі

 

Білім алушыларға тұрғын үй (жатақхана) беру Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 «Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі №423 Қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында көзделген тәртіп пен жағдайларда жүргізіледі.

Білім алушылар жатақханаларға орналасу үшін төмендегі құжаттарды тапсырады:

-   ректор атына өтініш;

-   өтініш берушінің жеке басының куәлігінің көшірмесі;

- Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлігі жоқтығы туралы анықтама. 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

№1, №3, №5 студенттік жатақханалары туралы ақпарат 

Жатақхана

Бөлме саны

Сыйымдылығы

(орын)

Мекен-жайы

1.

№1

207

512

Қызылорда қаласы, Төле би көшесі 36

2.

№3

103

256

Қызылорда қаласы,

Абай даңғылы 66

3.

№5

189

400

Қызылорда қаласы,

Ажарова көшесі 34

Барлығы

499

1168

 

Жатақханалар бойынша қажетті ақпаратты Қызылорда қаласы, ҚМУ-нің бас оқу ғимараты, 320 кабинет, телефон номері 8(7242)274191 «Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды үйлестіру бөлімі» арқылы алуға болады.

JoomShaper
Виртуальный ассистент