«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «ТҰРАН» ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

27 шілде 2020 жылы «ZOOM» бейнебайланыс жүйесі арқылы «Nur Otan» партиясы «Тұран» филиалының кезектен тыс XХV конференциясы болып өтті.

Жиынға «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Төрешова Ляйля Бегалықызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы, «Тұран» филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференция күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы «Тұран» филиалының төрағасы ретінде Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызының кандидатурасын сайлау ұсынылып, дауыс беру нәтижесінде бірауыздан филиал төрағасы болып сайланды.
Жиын барысында конференция делегаттары «Тұран» филиалының жаңа төрағасына құттықтау лебіздерін білдірді. Филиал басшысы Бейбіткүл Сәрсемханқызы жиынға қатысушыларға өзіне білдірілген сенімді ақтауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Сонымен қатар, конференцияда филиал Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

 

 

JoomShaper
Виртуальный ассистент