Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы университеттің профессоры Қылышбай Алдабергенұлы Бисеновты Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайлануымен шын жүректен құттықтайды!

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы 2020 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Жалпы жиналысында өткен кезекті сайлауда осы академияның толық мүшесі (академик) болып сайланды.
Қылышбай Алдабергенұлы отандық білім-ғылымның жүйесін жетілдіруге, әлеуметтік-экономикалық дамудың, елдің қоғамдық-саяси және рухани өмірінің өзекті мәселелеріне, еліміздегі ғылымды дамыту мен жас мамандарды тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, өзінің еңбекқорлығының нәтижесінде ғылым жолында жоғары жетістіктерге жеткен қоғам қайраткері.
Университет ұжымы Қылышбай Алдабергенұлына күш-жігерінің және шығармашылық әлеуетінің сарқылмауын, қайраттық қырлары мен тұлғасының шыңдалып, кемел жетістіктер мен жарқын табыстарға жетуіне тілектестік білдіре отырып, қызметте абырой, отбасына амандық, зор денсаулық тілейді.

JoomShaper