Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Қаланың жұмыссыз жастарын жұмысқа тарту мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» орталығы бірлесе «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін» ұйымдастырды.

Рекрутинг орталығы университеттің 2020 жылғы бітіруші түлектеріне осы жәрмеңке болатындығы жайлы түрлі хабарламалар жасап, түлектердің қатысуына ықпал жасады. Түйіндемелердің электрондық нұсқасын жұмыс берушілерге жіберді. Жәрмеңкеде түлектер еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие екендігімен танысып, мамандық бойынша жұмысқа орналасу туралы қажетті кеңестер алды. Ал мекеме өкілдері жұмыс іздеушілерге жұмыс орнының талаптары мен шарттарын түсіндірді.

JoomShaper