Ұлағатты ұстаздарға кұрмет көрсетілді

28 маусым – Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы оқытушылары мен Баспасөз орталығы ұжымы марапат төрінен көрінді.

Кәсіби мереке қарсаңында ұйымдастырылған басқосуда «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Зухра Нұрғалиқызы Ермағанбетова облыс әкімі Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың «Алғысымен» марапатталса, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Асыл Қожабайқызы Оразова, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, баспа ісі магистрі Аягөз Қожамырзақызы Әбдіразақова және «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, РhD доктор Ақерке Болатқызы Жолмаханова университет ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы Кәрімованың «Құрмет грамотасына ие болды.
Ал Баспасөз орталығының маманы Елігай Асылбек университет ректорының Алғыс хатын алды. Білім ордасының білім беру қызметін дамытуда, кәсіби білікті кадр даярлауда, сондай-ақ университеттің тыныс-тіршілігін ақпараттандыруда өлшеусіз үлес қосқан марапат иелерін оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Абайбек Талғатұлы Жүнісов қабылдап, арнайы құттықтады.

 

JoomShaper