Мереке қарсаңында оқытушыларға құрмет көрсетілді

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызметкерлер күні аясында «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі Абдишова Гульбахыт Берликовна және аға оқытушы, экономика магистрі, Ким Венера Владимировна бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеудегі қажырлы еңбектері үшін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректоры Б.С.Кәрімованың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлау ісі «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасында 1997 жылдан бері жүргізіліп келеді. Аталмыш мамандық бойынша қазіргі таңда 167 студент білім алуда. Ағымдағы оқу жылын 47 түлек ойдағыдай тәмамдап, қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан сүрінбей өтті.
Кафедра ұжымы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті бірлесе отырып, дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында «Мемлекеттік қызмет мектебін» ашты. «Мемлекеттік қызмет мектебінің» ағымдағы оқу жылындағы қатысушылары «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бағдарламасының білім алушылары қысқа мерзімді оқу курсынан және облыстық басқармаларда іс-тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибенің қорытынды конферециясында мемлекеттік қызмет мектебінің талаптарына сәйкес барлық кезеңдерден өткен 10 қатысушыға сертификат табысталды.

 

 

JoomShaper