Қорытынды аттестаттау емтиханы - Зум платформасында

«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының күндізгі және қашықтықтан білім беру нысандары бойынша «Негізгі шетел тілінің теориясы мен практикасы» және «Шеттілдік білім берудің әдістемесі» пәндерінен мемлекеттік емтихан бекітілген кестеге сәйкес маусым айының 8-нен бастап Зум платформасында өткізілуде.

Барлық қорытынды аттестаттау емтихандары маусым айының 26-да аяқталады. Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыту технологиясы аясында өткізілген мемлекеттік емтиханда студенттер ерекше белсенділік танытты. Білім алушылар жауап парақтарын гуглкласқа дер кезінде жүктеп, зум платформасында ауызша жауап берді. Қорытынды аттестаттау комиссиясына Қ. А.Яссауи атындағы Қазақ -Түрік университеті «Ағылшын филологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарынығ кандидаты Нышанова Салтанат Тыныбекқызы төрағалық етті. Комиссия мүшелері «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарушы Ш.Ү.Баймаханова, аға оқытушылар Ш.Т.Есембекова, Ш.К.Абаділдаева, №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің жоғары санатты мұғалімі С.Т.Сентаева, №15 М.Дүйсенов атындағы мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің жоғары санатты мұғалімі И.М.Өтепбергенова студенттердің жауаптарын сәйкесінше бағалады. Қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы Салтанат Тыныбекқызы бітіруші түлектердің емтихандағы жауаптарына толық қанағаттанып, университет қабырғасында алған білімдерін талап деңгейінде көрсете білгендерін ерекше атап өтті.
Білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс берушілер бітірушілердің қазіргі сұранысқа сай, бәсекеге қабілетті мамандар ретінде еңбек нарығына қосылатынына ризашылықтарын білдірді.

JoomShaper