Студенттер айналым парағын онлайн форматта өтетін болды!

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Вице-министрі М. Дәуленовтің 26.05.2020ж. №4-14-5/965-И хатына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бағдарламашылары 2020 жылғы университет бітірушілерінің кету парағын онлайн форматта қабылдау бойынша «Айналым парағын онлайн форматта өту» бағдарламасын жасады.

Білім алушылар Университет сайтындағы E-UNIVER ақпараттық жүйесі https://e-univer.korkyt.kz арқылы «Электрондық құжаттар айналымы» бөліміндегі «Айналым парағы» бастырмасын басып, университетке келмей онлайн форматта айналым парағын өте алады.

JoomShaper