Қарбыз егістігінің ахуалы тұрақты

Жайылма массивінде тәжірибелік сынақтан өтіп жатқан қарбыз егістігінде Голландиялық " Знза Заден" компаниясының өкілдері арнайы келіп, дала алқабы жұмысының жай-жапсарымен танысты.

Сондай-ақ егіс алқабындағы жұмыстарға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты ұжымы мен магистранттары қатысты.
Айта кетейік, Голландиялық қарбыздың "Бомбикс Ғ1" буданы мен түрік селекциясының дәнсіз қарбызы өңірімізде алғаш рет сынақтан өтуде. Жалпы егістің қазіргі жағдайы жаман емес, түйнектеу фазасы қарқынды жүруде. "Бомбикс Ғ1" буданы шығымы, түйнектер саны жағынан өте жоғары көрсеткішті көрсетуде. Алдағы уақытта гектарынан 60 тонна өнім алынады деп жоспарланып отыр.

 

  

 

JoomShaper