Халықаралық ақындық марафон

Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті «Орыс, шетел әдебиеті және әдебиетті оқытудың әдістемесі» мен «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедраларының ұйымдастыруымен А.С.Пушкиннің туғанына 221 жыл толуына орай халықаралық ақындық марафон өтті.

Аталған ақындық марафонға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Рекрутинг орталығына қарасты жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курсы тыңдаушылары Бақытәлі Жамбыл, Жұмаш Ақжол, Бағдәулет Жанасыл қатысты.
Ақындық марафон талабы бойынша қатысушыларға келесідей тақырыптар бойынша аудио және бейнероликтер әзірлеу тапсырылды:
- А.С.Пушкиннің өлеңдеріне:
- А.С.Пушкиннің өлеңдеріне романс;
- А.С.Пушкиннің көркем прозасынан үзінді;
- А.С.Пушкиннің драмалық шығармаларынан үзінді.
Ақындық марафон барысында Ж.Бақытәлі орталық жетекшісі, п.ғ.к. С.Т.Жарбулованың жетекшілігімен «Я вас любил», А.Жұмаш орталық әдіскері Г.А.Скакованың жетекшілігімен «Три ключа», Ж.Бағдәулет орталық әдіскері А.К.Жұмағұлованың жетекшілігімен «Ты и вы» тақырыптары бойынша А.С.Пушкиннің өлеңдеріне арнайы бейнеролик әзірлеп, көпшілік назарына ұсынды.
Ақындық марафон қорытындысы бойынша қатысушылар «Любовь к русскому языку и литературе» номинациясы бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал Рекрутинг орталығының басшылығы мен қызметкерлеріне Алғыс хат жолданды.

Диплом 1 

Диплом 2

Диплом 3

Диплом 4

JoomShaper