«Кел, шәй ішейік»

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Кел, шәй ішейік» қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияның негізгі мақсаты: Күннің суығына қарамастан таңсәріден қала көшелерін тазартып жүрген коммуналды мекеме қызметкерлеріне ыстық шәй мен тәттілерден дәм татқызу.
Шара аясында ерікті жастар жұмысшыларға ыстық шәйдан ұсынып, бойларына жылулық сыйлады. Мұнан соң бірқатар белсенді жас қолдарына күрек, кетпенді алып, жол жиектеріндегі қарды тазалауға қолғабыс етті.
Осылайша игі іске ұйытқы болған жас буынға қала тазалықшылары өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

  

 

JoomShaper
Виртуальный ассистент