Жақсы мамандық-жақсы болашақтың бастауы

Педагогика және психология білім беру бағдарламасына сәйкес Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық институты педагогика және психология мамандығының ПП-18-1у оқу тобының студенті (жеделдетілген) ерекше оқытуды қажет ететін білім алушысы Ақмарал Сапарымбетова педагогикалық іс-тәжірибесін №3 қалалық емханада өтті.

Практика аясында кафедра әдіскері Г.Ү.Досболова инклюзивті білім беру бағдарламасына сәйкес әдістемелік мекемеден жетекші психолог Г.Әділбекқызы және аға психолог мамандар А.Ж.Тілеубергенова, Г.Т.Бекхожаева психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетті.
Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің бастығы С.Т.Жарбулова практика базасына арнайы барып, ерекше оқытуды қажет ететін білім алушының іс-тәжірибе жинақтау барысымен танысты. Практикада білім алушы А.Сапарымбетова мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін бақылау мақсатында логикалық сұрақтар қойып, «Пазыл», «Сеген» тақталары арқылы жұмыс жасады. Сондай-ақ жүктілік кезіндегі күйзелісті анықтауға арналған «Бек» шкаланы меңгеріп, тәжірибе жинақтады.

JoomShaper
Виртуальный ассистент