Садақ атудан жарыс өтті

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының өндірістегі филиалы №3 Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі жанындағы «Алтын жебе» бөлімімен бірге, студент жастар арасында «Үздік сұрмерген» атты садақ атудан жарыс өткізді.

Мақсаты: жастарды достыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін іс-шаралар арқылы кафедраның өндірістегі филиалымен байланысты нығайтып, алдағы уақытта спорт түрлері бойынша бірлескен төрешілік семинарлар ұйымдастырып, жарыстар өткізу.
Спорттық сайысқа 50-ден астам жас қатысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды ФКС-19-5 оқу тобының студенті А.Қожахмет жеңіп алды. Ал 2-орынға ФКС-18-3 оқу тоыбының студенті М.Ибрагим ие болды. 3-орынға ФКС-17-3 оқу тобының студенті Н.Шархан лайық деп танылды. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сый-сияпаттар табысталды.

 

 

JoomShaper