Тарих өткенге сабақ-келешекке өнеге

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар кафедрасының өндірістегі кафедра филиалы Мұстафа Шоқай атындағы №187 қазақ орта мектебінде тарих апталығын ұйымдастырды.

Тарих әлемінен рухани ақпар берер басқосуда кафедра профессоры М.Н.Аңсатова «Алтын Орданың құрылу тарихы», аға оқытушы А.Ө.Абдразақова «Алаш қайраткерлерінің-ұлы мұраты», аға оқытушы А.Ж.Әзірбекова «Алтын Орда мемлекетінің қазақ тарихында алатын орны» тақырыптарында баяндама жасады. Сондай-ақ апталық барысында 9-11 сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру: Туған жер-тұнған тарих» тақырыбында эссе байқауы өтті.
Мұнан бөлек мектеп бітірушілермен кездесу ұйымдастырылып, университет мамандықтары туралы жан-жақты мәліметтер берілді.

JoomShaper