Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Экономика және құқық» институтының аға эдвайзер-тәлімгері З.Ж.Коржынбаеваның ұйымдастырумен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы Мадина Жусупбековамен кездесу өтті.

Тағылымды іс-шараға «Экономика және менеджмент» кафедрасының Эк-19-1 мен «Қаржы» кафедрасының Фин-19-3 оқу топтарының білім алушылары қатысты.
Басқосуда Тәуелсіздік жылдарындағы айтулы оқиғалар мен елеулі өзгерістер сөз болды. Сондай-ақ елдегі экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың нәтижесінде жеткен жетістіктер жан-жақты сараланды.
Кездесу соңында жастар қатысушы қонаққа толғандырған сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды. Мұнан соң ұлағатты ұстазға білім алушылар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

JoomShaper